Балаңыз: "Мұсылман болдым" десе, қуаныңыз!

Сәрсенбі, 18.09.2021

Ислам! Бұл - қорқатын сөз емес! Ол қазақтың әлімсақ-тан өз діні. Бұл - тамыры тіршілік атаулының бастауынан таралатын мәңгілік иләһи дін.

 

Ислам!  Бұл  -  қорқатын  сөз  емес!  Ол  қазақтың әлімсақтан  өз  діні.  Бұл  -  тамыры  тіршілік  атаулының  бастауынан  таралатын  мәңгілік  иләһи  дін.  Кешегі  Бұхардың:  «Бірінші  тілек  тілеңіз,  бір  Алладан  жазбасқа!»,  Абайдың:  «Алланыңөзі  де  рас,  сөзі  де  рас!  Рас  сөз  ешқашанда  жалған  болмас!»,  Шортанбайдың:  «Атамыз  Адам  пайғамбар,  топырақтан  жаралды»,  Мұқағалидың:  «Дін  -  ғылымның  атасы»  деп  кеткен  діні.

«Дін»  деген  не  өзі?  Дін  дегеніміз  -  Жаратушының  өзінің  пенделеріне  қалай  дұрыс  өмір  сүру  керектігін  түсіндіре-тін  иләһи  бұйрықтар  мен  үкім-дер.  Сіз  үйіңізге  тоңазытқыш  алғанда  оны  жасаған  зауыттан  қалай  пайдалану  керектігі  туралы  нұсқаулық  кітапша  келмеуші  ме  еді?  Оған  құлақ  аспасаңыз,  бұйымыңызды  бір-ден  істен  шығарасыз  не  оның  өмір  сүруі  ұзаққа  созылмайды.  Өйткені,  зауыттағылар  өз  жабдықтарының  қалай  жұмыс  істейтінін  жақсы  біледі.  Олай  болса,  адамзат  баласын  жаратқан  Ұлы  Алла  тағала  өз  пендесінің  қалай  жүріп-тұруы  керектігін  неге  білмесін?  Қасиетті  Құрандағы  «Зәрият»  сүресінде:  «Адамдар  мен  жындарды  маған  ғана  құлшылық  етуі  үшін  жараттым»  деген  Ұлы  Құдірет  сол  өзі  жаратқан  тіршілік  иелеріне  бұл  өмірде  өздерін  қалай  ұстап,  қалай  өмір  сүруі  керектігін  де  көрсетті.  Қалайша?  Әлбетте,  өз  пайғамбарлары  арқылы.  Адам  Атадан  (ғ.с.)  бастап  хазреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Мұстафаға  дейінгі  барлық  елшілері  мен  өз  кітаптары  арқылы.  Ал  ол  кітаптар  -  Тәурат,  Забур,  Інжіл  және  Құран.  Алдыңғылары-ның  күші  жойылған,  ал  ақыр-заман  болғанша  өз  пәрменін  жоймайтын  үкімдер  жинағы  -  Құран.  Бұл  жерде  шатаспау  ләзім.  Әр  елдің  жыл  өткен  сайын  жаңаланып  отыратын  Ата  Заңдары  сияқты,  Құран  да  ең  соңғы  бұйрықтар  жиын-тығы.  Біз  мысалы,  1993  жылғы  ҚР  Конституциясын  пайдаланбайтынымыз  сияқты,  Тәурат,  Забур,  Інжілге  сай  әрекет  етпейміз.  Біз  (яғни  мұсылман  баласы)  олардың  Алладан  келгендігін  мойындаймыз,  алайда  Құранға  сай  әрекет  етеміз.  Өйткені,  Құран  өзіне  дейінгі  бұйрықтар  мен  үкімдердің  толықтырылып,  жаңаланып,  барша  Адамзат  баласына  түскен  иләһи  заңдар  жиынтығы.

Сонымен  біз,  қазақ  -  кімбіз?  Әрине,  Аллаға  мың  да  бір  шүкір,  мұсылманбыз!  Мұсылмандығымызға  дәлел  көп.  Дәлелді  алысқа  бармай-ақ,  салт-дәстүрімізден,  мақал-мәтелдерімізден,  тіпті  адам  аттары  мен  жер  аттарынан  да  табуға  болады.  Ендеше,  біз  Алланың  барлығына,  бірлігіне,  жалғыздығына,  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  Оның  құлы,  әрі  елшісі  екендігіне  сенсек,  Құранның  Құдайдан  түскен  нағыз  кітап  екендігіне  мойынсұнсақ,  ар  жағында  бізге  не  қалады?  Бізге  ең  азы  -  иман  келтіру,  ең  берісі  Аллаға  қарсы  шықпау  қалады.  Аллаға  қарсы  шығу  деген  не?  Ол  Жаратқанға  шәк  келтіретін  сөз  айту.  Мәселен:  «Өй,  ол  өмірді  көріп  келген  кім  бар  дейсің?»,  «Өліп  алайын,  одан  кейінгісін  көре  жатармыз»,  «Тозаққа  да  біреу  түсу  керек  шығар...»,  «Ой,  сол  діні  бар  болсын»  деген  сөздерді  айтып  шариғи  үкімдерге  қарсы  келу.  Ал  ол  жақтағы  өмірді  бізге  бүкіл  ғаламды  жаратқан  Алла  тағала  өзінің  Құранында  айтқан:  «Тозақтың  ең  жеңіл  азабы  пенде  тобығына  дейін  отқа  батырылады  даоның  ыстығынан  ол  адамның  миы  қайнайды»,  «Тозақта  сіздер  азапты  тартуларың  үшін  өртенген  терілеріңді  ауыстырып  саламыз»  дейді.

Құдайға  асылық  сөздің  тағы  бірі  -  «Мен  арақ  ішпеймін,  адам  өлтірмеймін,  ешкімді  зорламаймын,  менің  ниетім  түзу,  намаз  оқымасам  да  болады»  деп  айту.  Ал,  Құранда  Жаратушы  Иеміз  намаз  оқудың  әрбір  мұсылманға  парыз  екендігін  айтады.  Өйткені,  әлемдегі  ең  ниеті  түзу  адамдар  -  пайғамбарлар  болса,  олар  да  кезінде  Құдайға  құлшылық  жасап  өткен.  Айтатынымыз  күнде  өсек,  жұртты  тілдеуден  қолымыз  босамайтын  біздер  (ал  өсек  пен  ғайбат  ең  ауыр  күнәлардан  болып  саналады)  қалайша  судан  ақ,  сүттен  таза  боламыз? 

Құран  -  ол  бізге  шетелден  бауырымыз  не  туысымыз  базарлыққа  әкелген  сыйкәде  (сувенир)  емес.  Ол  төрге  арулап  іліп  қоятын,  өз-өзінен  үйді  нұрға  бөлейтін  сиқыр  емес.  Ол  -  Алланың  пенделеріне  «Оқы  (Құранның  ең  алғаш  уаһи  етілген  аяты,  «Алақ»  сүресі)  деп  жіберген  кітабы.  Құранды  қолға  алып  оқу  керек.  Мысалы,  сіз  инженерсіз.  Сіздің  мамандығыңыз  туралы  оқулықты  төрге  іліп  қойғаннан,  не  жастанып  жатқаннан  сіздің  миыңызға  бірдеңе  құйыла  ма?  Әлбетте,  жоқ!  Сіз  Ньютонның  заңдарын  қабырғаға  іліп  қойған-нан  физик  боп  кетпейсіз.  Ендеше,  үйіңіздің  төрінде  Құран  ілініп  тұру  сіздің  толық  мұсылман  екеніңіздің  дәлелі  емес.  Құран  сіздің  миыңызда  болса  ғана,  сіз  -  мұсылмансыз!

Осы  дүниеде  дінге  мойын  бұрмағандарға  өлгенде  Құран  оқытқаннан,  үстіне  қымбат  кірпіштерден  зәулім  етіп  мола  салғаннан,  артынан  жүзін,  қырқын,  жылын  бергеннен  пайдасы  шамалы.  Өйткені,  атам  қазақ  «Өлдің,  Мамай,  қор  болдың!»  деп  бекер  айтпаған!  Өлмей  тұрып  әрекет  ету  керек.  Себебі,  Алланың  алдына  бар-ғанда  өкінгеннен  еш  пайда  жоқ.

Әлқисса!  Ислам  деген  не?  Ол  -  бейбітшілік!  Ол  -  көркем  мінез  (Сахих  хадис).  Ол  -  өзіңе  не  тілесең,  өзгеге  де  соны  тілеу.  Ол  -  Аллаға  деген  сүйіспеншілік  пен  ата-анаға  деген  махаббат.  Ол  -  ағайын-тумаға  деген  жылы  қарым-қатынас  пен  жетім-жесірге  деген  мейірім!  Ол  -  осы  дүниедегі  ең  ізгі  амалдардың  жиынтығы!  Абайшаласақ,  «Адамзаттың  бәрін  сүй  «Бауырым»  деп»!

Осынау  ұзын-сонар  пәлсапамен  айтпақ  болған  ойымыз  не?  Құрметті,  ата-аналар,  егер  сіздің  балаңыз  Құдайын  ойлай  бастаса,  сіз  оған  қам  жемеңіз.  Өйткені,  Алла  оған  ешқашан  «Ата-анаңды  басынан  теп!»,  «Ата-анаңның  берген  тамағын  жеме!»,  «Ата-анаңды  зар  жылатып,  қаңғып  кет!»,  «Еліңді  шулатып,  шет-елге  барып,  соғысқа  қатыс!»,  «Сенен  басқаның  барлығы  адам  емес,  сен  ғана  дұрыс  пендесің»,  «Зиратқа  барып  ата-бабаңның  моласына  түкір!»  демейді.  Алла  сіздің  балаңызға  «Алланың  разылығынан  кейінгі  парызың  -  ата-ананың  разылығын  алу»,  «Үш  рет  анаңа  жақсылық  жаса,  сосын  барып  әкеңе,  өйткені,  анаң  сені  тоғыз  ай  көтеріп,  ес  білгенше  өсірді,  бақты,  қақты.  Сен  оның  ақ  сүтін  Меккеге  жеті  рет  жаяу  арқалап  апарсаң  да  ақтай  алмайсың»,  «Әкенің  ашуы  -  Алланың  ашуы»,  «Жәннат  -  анаңның  аяғының  астында»,  «Кім  қартайған  әке-шешесін  бағып-қақса,  сол  оған  жиһад»  деп  үйретеді.  Ислам  -  ол  сыпайылық!  Ислам  -  ол  білімділік!  Ислам  -  ол  көркемділік.  Ал,  осы  көрсетілген  сипаттан  бөлек  болса,  онда  балаңызды  қадағалау  сіздің  өзіңіздің  мойныңызға  жүк  болады.  Яғни,  Исламның  не  екенін  балаңызға  сіз  үйретуіңіз  керек.  Себебі,  сіз  балаңыз  үшін  әрқашан  жауап  бересіз.  Бұл  өмірде  де,  ол  дүниеде  де!  Балаңызға  дұрыс  жол  көрсетпейді  екенсіз,  күні  ертең  «Балам  адасқандарға  еріп,  Шешенстанда  соғысып  өлді»  деп  зарлап  қалғанда  басыңызға  тиеді.

Өйткені,  балаңызды  тәрбиелеуге  жұмыстан  қолыңыз  тимеді.  Сіз  ата-бабаңыз  ұстанып  өткен  дінді  балаңыз  ұстана  бастағанда:  «Мынау  қайдан  шыққан  пәле?»  деп  төбе  шашыңыз  тік  тұрды.  Бірінші  болып:  «Бәрекелді  балам,  дұрыс  жолға  түскен  екенсің,  енді  ауытқыма!  Ислам  деген  ол  екі  дүниенің  бақыты  ғой.  Абай  атаң  «Адамды  сүй,  Алланың  хикметін  сез,  не  қызық  бар  бұл  өмірде  одан  басқа?!»  деген  екен»  деудің  орнына,  «Тұқымымызда  жоқ  бәлені  шығарып  діншіл  болған  не  теңің?  Ел  қатарлы  жүре  бермейсің  бе?»  деп  ұрысқаныңыз  балаңызды  одан  сайын  тұйыққа  тіреуге  жарап-ақ  жатыр.  Осы  сөз  арқылы  сіз  өзіңізді  де,  балаңызды  да  жарға  жығасыз.  Өйткені,  сіз  садақаға  күніне  неше  рет  барсаңыз  да,  сол  садақа  не  үшін  беріліп  жатқанына  назар  аудармайсыз.  Өлік  шыққан  үйден  ғибрат  алмайсыз,  жыртыс  алып  қайтасыз...

Ата-ана,  біліңіз!  Ислам  -  ол  лаңкестікке  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайды.  Ислам  -  ол  озбырлық  діні  емес!  Ислам  -  ол  дөрекілік  пен  көкбеттік,  бірбеткейлік  пен  екі  жүзділік,  көргенсіздік  діні  емес!  Балаңыз  оқитын  «Ислам  және  өркениет»  газеті  -  секташылдардың  үнпа-рағы  емес.  Қазақстан  мұсыл-мандары  діни  басқармасы  -  секташылдардың  ұйымы  емес.  Бас  мүфти  Әбсаттар  қажы  Дербісәлі  жастарды  Шешенстанға  немесе  Ауғанстанға  соғысқа  шақырушы  емес.

Ойланыңыз!  Балаңыз:  «Мұсылман  болдым!»  десе,  қуаныңыз.  Оған  тура  жол  көрсетіңіз.  Оқыған  кітабыңыздан,  естіген  хадистеріңізден  әңгімелеп  бе-ріңіз.  Ислам  ешқашан  ана  мен  қыздың,  ата  мен  баланың  ара-сын  айырған  емес,  айырмайды  да!  Ендеше,  құрметті  ата-ана,  теледидардан  сақалды  содырларды  көрген  сайын  намаз  оқитын  балаңызға  айқай  салғанша,  өзіңіз  діннің  не  еке-ніне  ой  жүгіртіңіз.  Балаңыздың  не  істеп  жүргеніне  көңіл  бөліңіз.  Сөйлесіңіз!  Сырласыңыз!  Бәлкім,  балаңыздың  да  сізге  айтары  бар  болар.  Бәлкім,  ол  сізді  құшағына  қатты  қысып,  құшақтағысы  келетін  шығар!  Пайғамбардың  (с.ғ.с.)  хадисі  арқылы  алған  тәрбиесін:  «Анаңа  әрдайым  жылы  сөз  сөйле!»  деген  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  өсиетін  сізге  жеткізгісі  келетін  болар.  Бәлкім,  «Анашым,  мені  жарық  дүниеге  әкелгеніңіз  үшін  мың  да  бір  рахмет»  дегісі  келетін  шығар.  Бәлкім,  «Анашым,  мен  сізді  өте  қатты  жақсы  көремін»  деп  бетіңізден  сүйгісі  келетін  болар.  Ал  Сіз...

Тимур  Бектұр,

Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесі.

http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=2931

 

Оқылды 805 рет
JoomShaper
Top