ИЫҰ-ның жастар форумы мұсылман жастарға мол мүмкіндік беріп отыр

Сәрсенбі, 18.09.2021

Елдер мен мәдениеттердің арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталған «Жастар форумының» бас хатшысы Елшат Ескендіров мұндай диалогтың берері көп екенін жеткізді.

 

Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) құрамына кіретін жастар форумының жас белсенділері бір-бірімен тіл табысудың жаңа кезеңіне аяқ басып, халықаралық қатынасты тереңдетуде тың белесті бағындыруды көздеп отыр. «Диалог пен ынтымақтастыққа арналған ислам конференциясының жастар форумы» (ICYF-DC), ИЫҰ-ның еншілес мекемесі Түркияда өздерінің жыл сайынғы Model OIC бағдарламасын бастады. 

Алты аптаға созылатын саммитке қатысатындар тренингтен өтіп, өздерінің дағды-машықтарын нығайтуға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта аталмыш жоба ИЫҰ-ның түрлі елдерінде жүзеге асырылып келеді.

 «Диалог пен ынтымақтастыққа арналған ислам конференциясының жастар форумы» (ICYF-DC) 2004 жылы Ыстамбұл шаһарында өткен ИЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері қабылдаған қарарға байланысты сол жылы Әзірбайжанда құрылған болатын. СІМ басшылары осы ұйымға мүше елдердегі жастардың мүмкіндігін кеңейту мақсатында осындай ұйғарымға келгенін айта кету керек.

muslim.kz сайтының жазуынша, ICYF-DC халықаралық хатшылығының өкілі - Эльмаддин Мехдиев «Ислам көсемдерін даярлау бағдарламасы» және «Ислам елдерінің жас кәсіпкерлер желісі» (ICYEN) «Жастар форумының» ең сәтті бағдарламалары деп атап берді.

Елдер мен мәдениеттердің арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталған «Жастар форумының» бас хатшысы  Елшат Ескендіров мұндай диалогтың берері көп екенін жеткізді. 

http://inform.kz/kaz/article/2556740

Руслан Ғаббасов

 

 

Оқылды 719 рет
JoomShaper
Top