Қолы ұзын адам

Бейсенбі, 01.09.2021

Айша анамыз (р.а.) әңгі­мелеуде:

Аллаһ расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына «Маған қолы ұзын болғаның алды­мен қауышасың» деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-­бірімізбен салыстыра­тынбыз.

Аллаһ елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігі екенін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».

Құдайберді БАҒАШАР

Оқылды 131 рет
JoomShaper
Top