Әлемдік мұсылман ғұламалары кеңесінің Ресейдің Сириядағы қарулы соққыларына байланысты шығарған шешімі

Бейсенбі, 03.12.2021

 Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы болған жалғыз ғана Алла Тағалаға тән. Және Оның игілігі мен сәлемі  құрметті пайғамбар Мухаммедке болсын.

Әлемдік мұсылман ғұламалары кеңесінің (бұдан әрі - ӘМҒК) атынан сіздерге Алланың сәлемі болсын!

Осы сәтті пайдаланып Сіздерге Ислам жолында жасап жатқан қажырлы жұмыстарыңызға Алла разы болсын деп айтқым келеді.

 Бүгінде мұсылмандар тарапынан көптеп қойылып жатқан Ресейдің Сирия еліндегі қарулы операцияларына байланысты сұрақтарға біздің шешімімізді айтып кетуге рұқсат етіңіздер.

1. Бүгінде ӘМҒК әлемнің жан-жағынан он мыңдаған беделді мұсылмандар жұмыс жасайтын және де ондаған зайырлы одақтар мен ұйымдардың шоғырланған жері болып отыр. ӘМҒК Ресей тарапынан мұсылман әлеміне, соның ішінде Палестина халқына қол ұшын беріп жатқан игі шараларына дән риза. Біз Ресейдің кеңес одағын құлағаннан кейін де өзінің саяси бағытының арқасында тәуелсіз ел болып әлемдік аренада өзін көрсете білген тұрақтылығын ерекше бағалаймыз. Сонымен қатар Ресей тарапынан бүгінде мұсылмандарға деген жанашырлығы мен қамқорлығы бұл Ресей халқының рухани дамуының алғы сатысы деп санаймыз.

2. Бүгінге дейін ӘМҒК-нің ұстанымы ортаңғы ұстанымда және біз үшін ең маңызды іс – мұсылмандар мен басқа да дін өкілдері үшін қызмет жасау екенін баса айтып кеткім келеді. Бұған дейін де біз Ресеймен жақсы қарым қатынаста болып келдік және де бұл қатынастың әрі қарай дамуы үшін жұмыстар жасай беретініміз анық.

3. Соңғы бес жылдың көлемінде Ресейде өткен барлық халықаралық конференцияларда біз ондағы мұсылмандарға деген жанашырлығымызды көрсеттік және қашан да терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы екенімізді айқындадық. Сондай-ақ, осы арада біздің тарапымыздан мұсылмандар өмір сүріп жатқан жерлер соғыс майданы еместігі, керісінше мұсылмандар бар жер бейбіт өмірдің мекені екені туралы шариғи тұрғыда пәтуалар шығарылды. Бұл өз кезегінде елдің тыныштығын бұзуға бағытталған кей мұсылмандардың көзқарасына қарсы бағытталған еді. Себебі, бүгінде көптеген мұсылман елдерінде санасы уланған қаншама жастар қолына қару алып өз бақыттарын соғыстан іздеп жүргендері бар. Осыған байланысты біздің тараптан олардың мұндай әрекеттері елдің құлдырауына ғана алып келетіні, керісінше елдің өркендеуіне үлестерін қосу керектігі айтылған.

4. ӘМҒК «ИШИМ» ұйымына қатысты өзінің тұрақты пікірін білдірген және олардың құрған «Ислам Халифаты» ешбір шариғат шеңберіне сәйкес келмейтіні баса айтылған. Біз қашанда алға өркендеудің жолы тек ортаңғы бағытты ұстанумен ғана жүзеге асатынын айтып жүреміз.

Бүгінде бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, қаншама жазықсыз мұсылмандардың қанын төккен, аман қалғандарды үй жайсыз қаңғыртып жіберген және миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндірген ислам атын жамылған ИШИМ-нің зұлмат саясатын қашанда қатты сынаумен болдық. Сондықтан, осындай адам төзгісіз әрекет жасап жүрген ИШИМ содырларын жою мақсатында Ресейдің және басқа да елдердің оларға қарсы жасалынып жатқан шабуылдарына түсінікпен қараймыз.

5. Мұсылмандарға деген қамқорлығымызды таныта отырып ӘМҒК Сирия халқы басқа да халықтар сияқты тыныштықта өмір сүру керектігін толық қолдаймыз және елдің билігін, бағытын өзге елдердің араласуынсыз тек сириялықтар ғана бірігіп анықтау керек деп санаймыз. Сондықтан, бұл үшін Сирия халқына қазіргі таңда аяққа тұру үшін жан-жақты көмек ауадай қажет. Осы орайда Ресей мен басқа да елдердің Сирия үшін саяси бағыттағы шешімдерді қарастырып жатқанын толық қолдаймыз.

6. ӘМҒК Ресей мемлекетін барша мұсылмандардың басты әріптесі санайды және мұсылман елдердің алдында оның статусы айрықша орынға ие. Ислам ынтымақтастық ұйымы да бүгінде Ресеймен тығыз баланыс орнатқысы келеді. Сондықтан ӘМҒК қазіргі таңда Сирияның мұсылман елдерінің қатарына қайта қалпына келуіне және халықтың өз қолы өз ауызына жетуіне дейін қол ұшын беретініне, сонымен қатар елдегі ИШИМ, Әл-Кайда секілді ұйымдардың тамырына балта шабатынына кәміл сенеміз.

Сөзіміздің соңында, бұл Ресей мен мұсылмандарды қолдауға байланысты құжатты қабылдау кезінде Ресейдің мұсылмандар ғұламаларымен кеңесу керектігін ескерткіміз келеді.

 Аллаһ Тағалаға барша мадақ болсын!

Сіздерге деген шынайы ниетпен, Әлемдік мұсылман ғұламалары кеңесінің бас хатшысы  Шейх Әли Мухиддинәл-Қарадағи

Доха қаласы, 12 қараша 2015 ж.

 Түпнұсқадан аударып дайындаған

Жалғас АСХАТҰЛЫ

 

 

 

Оқылды 2388 рет
JoomShaper
Top