Тәуелсіздігімізбен бірге ата дінімізді қайта оралттық

Сенбі, 30.08.2021

Тәуелсіздігімізбен бірге ата дінімізді қайта оралттық. Діни басқарма 2228 мешіттің басын қосып, мұсылмандарды ұйыстырушы орталыққа айналды. Халқымызды ортақ рухани құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтастыруға ұйтқы болды. Бүгінде қоғам, әсіресе, жастар дінге бет бұруда. Исламды ұстануды модаға айналдырмау керектігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу керек.

Дін істері агенттігі құрылды. Оның көмегімен діни конфессиялар толғағы жеткен мәселелерді мемлекетпен бірге шешуге тиіс. Агенттіктің өзі діни ахуалға мониторинг жасау жөнінде жұмыс жүргізеді, бірақ бұл ретте мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Алайда Конституцияны, заңдарды сақтауда, елдің бірлігін нығайтуда мәселе туындап жатса, онда бұл жерде ешқандай бөлінушілік болмауы керек. Баршаңыз білесіздер, бүгінде әртүрлі діни ағымдар пайда болды. Мешіт қызметшілері түрлі теріс ағымдардың қандай екенін, ал исламдағы дәстүрлі бағыттың қайсы екенін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек.  

Еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи бағытының орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл өте дұрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді.

Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге де салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс. Өздеріңіз білесіздер, ел халқына таяудағы Жолдауда біз 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын айқындадық. Бұл – кеңестік кезеңнен белгілі жай жоспарлау ғана емес, мемлекет дамуының негізі бағыттарын, нақты мақсаттарға жетудің жолдарын және біздің болашақты қалай көре білетінімізді аңдататын ұзақмерзімді құжат. Бұл орайда, діни қайраткерлер жұртшылыққа еліміздің игілігі үшін одан әрі жұмыс жүргізу қажеттігін ұғындырғаны жөн.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесудегі сөйлеген сөздерінен

19.02.2022

Оқылды 740 рет
JoomShaper
Top