Ислам әрдайым ізгілікке үндейтін және шақыратын бейбіт дін

Сенбі, 30.08.2021

Бұл - шын мәнінде, адамдар мен халықты біріктіретін, барлық мұсылман үшін ұлық мереке. Осы күні отбасы болып жиылып, бір-біріне қонаққа барып, жақын араласу дәстүрге айналған. Құрбан айтта әлемнің барша мұсылмандары шынайы ой-ниетімен Жаратқанға жақындай түседі. Ислам әрдайым ізгілікке үндейтін және шақыратын бейбіт дін саналады. Ол бөлінуге емес, бірігуге шақырады. Құранда мұсылман сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбеуі тиіс деп айтылған.

Ислам бірнеше жүзжылдықтар бойына халқымыздың негізгі діні болып саналады. Республика егемендік алған уақыттан бері 2300-ден астам мешіт салынды. Бүгінде біз елімізді өркендетуге және әлемге кеңінен танытуға ұмтылып отырмыз. Барша қазақстандықтарға үміттері мен тілектерінің орындалуын, сондай-ақ елімізге өсіп-өркендеу мен береке-бірлік тілеймін.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы "Хазірет Сұлтан" мешітінде қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтауынан

26.10.2021

Оқылды 613 рет
JoomShaper
Top