Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Шыңғысханның «Ұлы Яса» заңын зерттеп жүрген мамансыз. Осы заң бойынша мемлекет қалай басқарылған?

Бейсенбі, 20.08.2021

«Ұлы Яса» заңы бойынша мемлекетті басқарудың жоғарғы органы «құрылтай» болып есептелді. Шыңғысхан ұрпақтары түгел бас қосатын құрылтайда ірі әскери әрекеттерге байланысты мәселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасындағы өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды.

Ибн Батутаның айтуына қарағанда құрылтайдың екінші бір аты «той» деп аталған. «Тойда» империяның, ұлыстың басшысы немесе билік жүргізіп отырған рудың жасы жағынан үлкен мүшесі шақыратын. Оның шақырылу мерзімі күні бұрын белгіленіп, ұлыстарға адам жіберу арқылы жария етілетін. Тағайындалған мерзімде және белгілі бір жерге империяның түкпір-түкпірінен «ханзадалар, күйеу балалар, ханшалар, түмен және мыңбасы, нояндар жиналды. Бұл жерге олардың қоластындағы патшалар мен сұлтандар мол-мол сыйлық пен тартуларын алып келетін болды.

Шыңғыс ұрпақтары ұлыс билеушісі қызметімен қоса әскери іске де жауапты лауазымды тұлғалар саналды. Шыңғыс ұрпақтарының лендері(Шыңғыс ұрпақтарына билеуге берілген әкімшілік үлес) әскери жүйедегі ондық, жүздік, мыңдық, түмендікке қарай әкімшілік бөліністі құрады. Яғни, «чингизизм» идеологиясына негізделген басқарушылық әскери-демократиялық қауымдастықтан жоғары деңгейдегі милитаристік мемлекет санатына көтерілген саяси құрылым болатын.

Құрылтайда сайланған «Хан» мәртебесінен кейінгі мансап «беклер-бегі» деп аталды. Ол әскери қызметпен бірге азаматтық сот істеріне де тікелей араласып отырды. Беклер-бегіне бүкіл түменбасы, мыңбасылар бағынышты болды, сондай-ақ, ол сот ісімен бірге сыртқы саясатты да қадағалау міндетін атқарды. Ал, қазына істерімен және азаматтық мәселелермен хан кеңесшісі – уәзір шұғылданды. Одан басқа ұлыстарды басқаратын қарашы би мен түменбасылар болған.

Аймақтарды басқару ісіне даруғалар мен басқақтарда араласты. Даруғалар негізінен салық жинаумен шұғылданды, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Хан тағайындаған даруғалар (дарғы-бектер) кез-келген шаруашылықтың 1/10 пайызын ханның үлесі ретінде салық деп алып отырды. Басқақтар да халықтың әрбір оныншы өкілін әскерге алды.  Егер, әскери міндеттен жалтарса, «чирек ұрын» жазасымен жазаланды. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына жауапты беклер-бегіне бағынышты диван қызметіндегі ведомостваларда «бітікші» деп аталатын хатшылар жұмыс істеді. Сонымен бірге, мемлекеттік басқаруға атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, тамғашы, тартынақшы атты лауазым иелері тартылды.

«Ұлы Яса» заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлер жалпы «төрелер» деп аталды. Қара халық төрелерге әрдайым құрмет көрсетіп, мойынсұнуға тиісті болды. Егер, тиісінше құрмет көрсетпесе, онда айып-пұл өтейтін. Мысалы, жергілікті халық төрелерді тиісті деңгейде қарсы ала алмаса, «қонақ тешен» айыбын төлейтін. Төрелерді міндетті түрде «шусун» (сусын) атты ас-сумен қамтамасыз етуге тиісті-тін. Шыңғысхан ұрпақтарының жекеменшік жерлері «сойырғал» деп аталды.

 

Оқылды 8255 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top