Израиль парламентарийі еврейлер әл-Ақса мешітінде құлшылық жасай алады, деп мәлімдеді

Дүйсенбі, 18.11.2021

Ол сол сияқты еврей экстремисттерінің әл-Ақса мешітінде құлшылық жасауға ұмтылысы діни дау туғызуы мүмкін, деп ескертті.

Оккупацияланған Иерусалим. «Еврей үйі» партиясының өкілі Кнессет депутаты Звулун Калфа еврейлер «Израиль» мен Иордания арасында жасалған «бейбіт келісім шартқа» сай әл-Ақса мешітінде құлшылық жасауға құқылы, деп мәлімдеді. Осылайша Калфа Иерусалимдегі мұсылман және христиан қасиетті орындарын қорғау басқармасының иорданиялық кеңесшісі Абдул Нассер Нассардың басқыншы билікке «Амман еврейлерге әл -Ақса мешітінде құлшылық жасауға келісім бермейді» деген жауабына түсініктеме берді. Иорданияның Уақып және дін істері мен қасиетті орындар министрі Хайел Дауд басып алынған Иерусалим және әл-Ақса мешітіне қатысты Израиль басқыншы билігі шешімдерімен Иорданияның мүлдем келіспейтінін айтты. Ол сол сияқты еврей экстремисттерінің әл-Ақса мешітінде құлшылық жасауға ұмтылысы діни дау туғызуы мүмкін, деп ескертті. Иордания Агрономдар одағының төрағасы Махмуд Әбу Ганима әл-Ақса мешіт кешенінің аумағында израилдіктердің болуы қасиетті жердің сақталуына мүмкіндік жасайды, деген «Израиль» пайымдауына берілген жауапқа қарсы шықты. Ол Израиль билігін Иерусалимнің кескінін бұрмалауға бірнеше рет тырысқаны үшін айыптады және әл-Ақса - бұл мұсылмандар үшін қасиетті орын және оған мұсыландардан басқа ешкімнің құқығы жоқ, деп мәлімдеді. e-islam.kz

 

 

 

Оқылды 1085 рет
JoomShaper
Top