Н.Назарбаевтың дінаралық келісім идеясы - бұл әлемдік жоба - Х. Дхала

Бейсенбі, 07.11.2021
Н.Назарбаевтың дінаралық келісім идеясы - бұл әлемдік жоба - Х. Дхала

Бүгінде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық келісім идеясы әлемдік жоба ретінде бағаланып отыр.

Бүгінде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық келісім идеясы әлемдік жоба ретінде бағаланып отыр.

 Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясында «Сұхбат және ынтымақтастық» секциясы бойынша баяндама жасаған Заратуштраның мәдени мұрасы бүкіләлемдік кеңесінің президенті Хоми Дхала осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем тарихын алып қарасақ, Бомбейдегі мұсылмандар мен үндістердің қақтығыстары арнайы құрылған Му комитеттері арқылы шешілсе, Шри-Ланка жерінде 20 жылға созылған соғысты бірлікті көздейтін Ганди ілімі арқылы тоқтатуға жол ашылды. Қазіргі кезде ол жердегі 15 мыңнан астам діни ұйымдар мен конфессиялар татулықта өмір сүруде. Сондай-ақ Босния мен Герцеговинадағы «Бейбітшілік саябақтары», Индонезияда орын алған азаматтық соғысты тоқтатуға бағытталған «Бейбітшілік керуені» және Таяу Шығыстағы «Бейбітшілік тұқымдары» жобалары - халықтар арасындағы көптеген қайшылықтарға тосқауыл болып, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту жолындағы жаһандық бастамалар. Сондықтан бүгінде Қазақстан жерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан осы іспетті дінаралық келісім идеясы әлемдік жобалардың бірі болып табылады», - дейді Х.Дхала.

Қазақпарат

 

 

 

Оқылды 899 рет
JoomShaper
Top