Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі Батыс елдерінің назарында

Бейсенбі, 22.08.2021
Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі Батыс елдерінің назарында

Қазіргі таңда əлемдегі, оның ішінде Еуропа жəне Азия құрлықтарындағы маңызды мəселелердің, келеңсіз жайттардың бірі - ұлтаралық, дінаралық қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдар.

Қазақстанның  2010  жылы  Еуропадағы  қауіп  сіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етуі  еліміздің  əлемдік  қауымдастық  алдындағы  беделін  өсіріп,  сонымен  қатар  үлкен  жауапкершілік  жүктеп  отырғаны  белгілі.  Қазақстан  биылғы  жылдың  1  қаңтарынан  ЕҚЫҰ  төрағаларының  «үштiгi»  құрамында  өз  жұмысын  бастады.*  Бүгінде  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігі  еліміздің  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етуі  жолында  дайындық  жұмыстарын  қызу  жүргізуде.  Аталған  ұйымға  ТМД  елдері  арасынан  Қазақстан  бірінші  болып  төрағалық  еткелі  отырғанын  ескерсек,  бұл  шараның  қаншалықты  маңызды,  əрі  жауапкершілігі  зор  екенін  түйсінуге  болады.  Алғашында  Қазақстанның  Еуропадағы  қауіп  сіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етуге  деген   талпынысы  Еуропада  үлкен  резенанс  туғызғаны,  ал  ел  ішінде  жəне  басқа  да  көршілес  мемлекеттерде  сенімсіздік  пайда  болғаны  тарих  еншісінде.  Алайда  Қазақстанның  экономикалық  жəне  саяси  дамуының  көрінісі,  аймақтық  қауіп  сіз  дік  пен  тұрақтылықты  қамтамасыз  етудегі  мүмкіншіліктерінің  дəлелі  ретінде  еліміз  əлемдегі  қауіпсіздік  саласындағы  ең  бір  ірі  ұйымның  тізгінін  қолына  алғалы  отыр.  Сол  себепті  Қазақстан  басқаратын  2010  жылдан  үлкен  жаңалықтар  күтілуде.

Сонымен  қатар,  бұл  төрағалықтың  халықаралық  маңызы  бар,  себебі  осы  қадам  арқылы  посткеңестік  елдерге  қатысты  көзқарастарға  өзгерістер  еніп,  Қазақстан  геосаяси  шеткері  аймақ  болудан  кетіп,  Еуропаның  саяси  сахнасына  енуіне  мүмкіндік  туады.  Қазақстанның  төрағалық  етуі  ұйымға  мүше  елдердің  ықпалдастықтарын  тереңдетуге,  гуманитарлық  бағыттарға  қоса,  басқа  да  еленбей  жатқан  мəселелерге  зер  салуға  қол  жеткізетіндігіне  сенім  бар.  Қазақстанның  беделді  ұйым  төрағалығына  ұмтылысының  мақсаты  ретінде  өткен  жылдың  жазында  Астанада  өткізілген ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  17-ші  сессиясында  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  өзінің  ЕҚЫҰ-дағы  төрағалығын  Ұйымға  мүше  елдердің  арасындағы  өзара  іс-қимылға  тың  тыныс  берудің  жақсы  мүмкіндігі  ретінде  қарастыратынын  айта  келе,  «...біз  тұрақты  да  толерантты  ел  ретінде  жинақтаған  тəжірибемізді  Ванкуверден  Владивостокқа  дейінгі  ауқымды  кеңістікте  бейбітшілікті  қамтамасыз  ету  ісінде  пайдаланбақпыз.  Бірге  болсақ,  табысқа  жетеміз.  Сондықтан  жаңа  əлемдегі  ықпалдастықты  қалай  елестететінімізді  айта  отырып,  біз  сіздердің  қолдауларыңызға үміт  артамыз», деген  болатын  [1].

Сөзсіз  Қазақстан  үшін  зор  табысқа  айналған  осы  шешімді  қабылдауға  ықпал  еткен  факторлардың  бірі  ретінде  Қазақстанның  ұлттық  жəне  діни  қатынастарды  реттейтін  өзінің  бірегей  тəжірибесі  қалыптасқандығын  атап  айтуға  болады.  Қазіргі  таңда  əлемдегі,  оның  ішінде  Еуропа  жəне  Азия  құрлықтарындағы  маңызды  мəселелердің,  келеңсіз  жайттардың  бірі  -  ұлтаралық,   дінаралық  қарама-қайшылықтар  мен  дау-жанжалдар.

Сонымен  бірге  Батыс  елдері  мұсылман  елдерінен  шыққан  мигранттар  көшінің  астында  қалғаны  да  белгілі,  өз  кезегінде  бұл  жағдай  біраз  мəселе  туындатуда.  Сол  себепті  Еуропа  мен  АҚШ  Ислам  əлемі  мен  үнқатысуға  мəжбүр.  Міне,  сон  да  Батыс  пен  Ислам  əлемінің  арасында  Қазақстанның  мəмілегер  рөлін  атқаруы  əлемдік  қауіпсіздік  пен  тұрақтылық  үшін  де,  еліміздің  халықаралық  қауымдастықтың  толыққанды  мүшесі  болуы  үшін  де  зор  мүмкіндік  туғызады.  Қазақстанның  мұндай  жауапты  рөлді  атқара  алатындығына  зор  сенімді  еліміздің  тəуелсіздіктің  алғашқы  күнінен  бастап  ұлттар  мен  ұлыстар  арасындағы  татулыққа  өз  үлесін  қосып,  əрдайым  бейбітшілік  пен  татулық  принциптерін  ұстанатындығымен,  əлемдік  қауымдастық  алдында  бейбітшілік  пен  ұлтаралық,  дінаралық  татулықтың,  тұрақтылықтың  аралы  ретінде  беделі  ұлғаюымен  байланыстыруға  болады.  Қазақстанның  өркениеттер  диалогын  белсенді  қолдау  ұстанымы  ең  алдымен  көпұлтты,  əр  алуан  мəдениетті  халқымыздың  қалыптасқан  дүниетанымының  көрінісі.

Қазақстан  қоғамы  бүгінде  əлем  сусап  отырған  татулық  пен  келісімді,  саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  етіп  отыр.  Мұндай  ұстаным  тəуелсіздік  жылдарындағы  мемлекеттің  бүкіл  ішкі  саясатының  өзегі  болды.  Қазақстанда  ұлттық-мəдени  саналуандық  пен  бірлікті  жаңғырту,  əрі  дамытудың  мемлекеттік  саясаты  жүзеге  асырылды.  Қазақстанда  шағын  ұлттардың  тілі  мен  мəдениетіне  оңтайлы  жағдай  жасалып  отыр.  Олардың  мүддесін  қорғайтын  арнайы  «Қазақстан  халқы  ассамблеясы  туралы»  Заңының  қабылдануы,  парламентте  Ассамблея  атынан  9  өкілдің  депутат  болып  отыруы  осының  дəлелі.

Сондай-ақ,  этникалық  азшылықтар  жинақы  тұратын  жерлерде  ұлттық  мектептер  жұмыс  істейді.  Онда  ана  тілі  ретінде  16  тіл  оқытылады,  15  мыңға  жуық  жас  қазақстандықтар  өз  ана  тілдерін  —  неміс,  түрік,  поляк,  кəріс,  татар,  украин,  ұйғыр,  грек,  армян  жəне  тағы  басқа  тілдерді  дербес  пəн  ретінде  оқуда.  Мемлекет  500-ге  жуық  ұлттық-мəдени  бірлестіктердің,  20  республикалық  жəне  аймақтық  ұлттық  газеттердің,  радио-теле  бағдарламалардың, 6  ұлттық  театрдың  іс-əрекеттеріне  қолдау  көрсетіп  отыр. Əйтсе  де,  ұлтаралық  қатынастарды  реттеу  саласындағы  мемлекеттік  ішкі  саясатқа   да  оң  өзгерістер  мен  серпілістер  қажет.  Күн  тəртібіндегі  Ұлттық  бірлік  доктринасын  жасауда  бүгінгі  қоғамдағы  жəне  бүкіл  əлемде  қалыптасқан  жағдай  мен  объективті  факторларды  мұқият  сараптап,  Қазақстан  халқының  саналы  бірігуінің  жəне  сапа  жағынан  дамуының  алғышарттары  мен  жолдары  айқындалуы  шарт.  Бұл  жолда  Қазақстанның  ЕҚЫҰ  төрағалығына  дайындық  барысында  жасалып  жатқан  іс-шаралар  өз  септігін  тигізуі  мүмкін.  Қоғамдағы  дінаралық  келісімге  жетудің  орнықты  саясаты  Қазақстанның  төрағалық  етуіне  тағы  бір  қомақты  дəлел  болмақ.  Қазақстан  үшін  төзімділік  ұстанымы  –  тек  қана  саяси  мəдениет  емес,  мемлекеттік  ұстаным  болып  табылады.  Бүгінгі  жағдайда  əлемді  өркениеттік,  мəдениеттік  жəне  діни  белгілері  бойынша  жіктеуге  жол  бермеу,  əлемнің  бірлігін,  адамзаттың  ортақ  қатер  алдында  тұтастығын  түйсіну  айрықша  маңызды.

Осы  орайда  Қазақстан  түрлі  мəдениеттер  мен  өркениеттер  арасындағы  өзара  əрекеттестік  тақырыбын  алға  тартып,  ЕҚЫҰ  жəне  басқа  да  халықаралық  бірлестіктердің  аясында  нақты  шешімдердің  қабылдануына  күш  салып  келеді.  Соның  бірі  –  ЕҚЫҰ-ның  еуро  атлан  тикалық  жəне  еуро  азия  лық  бөліктері  деп  шартты  түрде  ата  латын  елдер  дің  арасын  бірік  тіріп  тұратын  факторларды  бір  лесе  із  деу  маңыз  дылығы.  Бұл  туралы  Венада  Қазақстанның  Ұйымға  2010  жылғы  төрағалыққа  əзірлігі  барысын  таныстыруға  арналған  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  арнайы  сессиясында  Қасым-Жомарт  Тоқаев  тағы  да  еске  салып  өтті.  Сөзін  түйіндей  келе,  ол  былай  деді: «Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  келе  шек  төрағасы  ретінде  Батыс  пен  Шығыс  арасындағы  диалогқа  алтын  көпір  болуды  мақсат  тұтады.  Біз  діни  төзімсіздіктің  жəне  нəсілдік  кемсітушіліктің  барлық  формаларымен  күресте  ЕҚЫҰ-ның  күш-жігерін  нығайтуды  көздейміз»  [2].  Шындығында,  Батыс  елдерінің,  жалпы  халықаралық  қауымдастықтың  қызығушылығын  тудыратындай  Қазақстанның ұлтаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  саласындағы  маңызды  жетістіктері  ауыз  толтырып  айтарлықтай  жəне  де  еліміз  ЕҚЫҰ  гуманитарлық  өлшемдері  мақсаттарына қол  жеткізу  үшін  осы  салада  жинақталған  тəжірибесімен  бөлісуге  дайын.  Атап  айтар  болсақ,   Елбасы  Н.  Назарбаевтың  бастамасымен  2003  жылдан  бері  Астанада  өткізіліп  келе  жатқан  Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер  лидерлерінің  съездері.  Бұл  форум  мəдениеттер  өркениеті  диалогы  саласында  жұмыс  істеп  жатқан  негізгі  əлемдік  конфессиялар  мен  халықаралық  ұйымдар  тарапынан  қолдау  тауып,  Қазақстанның  кон  фессияаралық  келіспеушіліктерді  болдыр  мау,  мəдени  жəне  рухани  ынтымақтастықтың  тиімді  тетікте  рін  іздеу  ісіне  қосқан  қомақты  үлесі.  Биылғы  1-2  шілдеде  Астанада  үшінші  съезд  өтеді,  енді  ол  Біріккен  Ұлттар  Ұйы  мының  қатысуы  мен  жəне  тех  ника  лық  жағынан  жəрдем  беруімен  ұйымдастырылмақ.  Сондай-ақ,  Қазақстан  Президентінің  ұсынысы  бойынша  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  2010  жылды  Мəдениеттерді  жақындас  тырудың  халықаралық  жылы  деп  жариялады.  Сонымен  қатар  өткен  жылдың  қазанында  елордамызда  «Ортақ  əлем:  сантүрлілік  арқылы  прогреске»  форумы  ұйымдастырылып,  оған  əлемнің  50-ден  астам  елінің  дипломаттары,  халықара  лық  ұйымдардың  өкілдері  қатыс  ты.  Конференция  біздің  еліміздің  бастамасымен  алғаш  рет  2006  жылдан  бері  əлемдік  қауымдастықтың  назарына  ұсынылып  келе  жатқан  «Мұсылман  əлемі  жəне  Батыс»  форматындағы  үнқатысу  идеясының  нақты  көрінісі  деуге  болады.  Форум  қорытындысында  осы  идеяны  нақтылап,  жү  зеге  асыру  үшін  ортақ  көз  қарас  тарды  айқындайтын  Астана  декларациясы  қабылданды.  2009-2011  жылдарға  арналған  «Еуропаға  жол»  мемлекеттік  бағдарламасында  көрсетілгендей,  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  саласында  тəжірибе  алмасу  Еуропа  елдерімен  ынтымақтастықтың  бөлек  бір  бағыты  болып  табылады,  мұның  өзі  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  етудің  тиімді  тетіктерін  құруда  қазақстандық  оң  тəжірибені  насихаттауға,  дінге  төзімді  жəне  толерантты  еуразиялық  қоғамдастықтың  қалыптасуына  үлес  қосуға  мүмкіндік  береді.  Əлемдегі  өзара  түсіністікті  нығайтуда  Қазақстанның  лайықты  үлесін  бағалаудың  айғағы  ретінде  біздің  мемлекет  2010  жылы  ЕҚЫҰ-ның,  ал  2011  жылы  ИКҰ-ның  төрағасы  болып  сайланды.  Қазақстанның  төрағалығы  ЕҚЫҰ-ның  басты  бағдарының  бірі  –  Батыс  пен  Шығыстың  үндесуін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Оған  Қазақстанның  қолында  бар  тəжірибелер   мен  бастамаларды  пайдалануға  болады.  Сонымен  бірге  Қазақстан  дипломатын ЕҚЫҰ-ның  іс  басындағы  төрағасының  Мұсылмандарды  кемсітушілікке  қарсы  күрес  жөніндегі  жеке  өкілі  етіп  тағайындауын  қазақстандық  оң  тəжірибені  мойындау  деп  білеміз.  Қазақстанда  ұлтаралық  саясат  өте  жемісті  жүріп  жатқанына,  аз  ұлттарға  ерекше  қолдау  жасалып  отырғанына  батыс  сарапшылары  оң  баға  беруде.  ЕҚЫҰ-ның  Аз  ұлттар  істері  жөніндегі  Жоғарғы  комиссары  Кнут  Воллебектің  мəлімдеуінше,  Қазақстан  ұлтаралық  қатынастарды  нығайту  саласында  ЕҚЫҰ-ға  көп нəрсені  ұсына  алады.  Ол  Қазақстанда  ұлттық  мектептердің  сақталып  отырғанына  жоғары  баға  берді,  сонымен  қатар  ЕҚЫҰ  өкілі  елімізде  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінің  өзге  ұлт-ұлыстар  тарапынан  ешқандай  кедергісіз  кеңінен  қолдануын  қалайтынын  білдірді  [3].  Ал,  Германияның  Орталық  Азия  бойынша  сарапшысы  Михаэль  Лаубштың  пікірінше,  көптеген  батыс  сарапшылары Қазақстанның  төрағалығынан  Батыс  пен  Шығысты  байланыстырушы  ретіндегі,  сондай-ақ,  ЕҚЫҰ  жауапкершілік  аумағындағы  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуші  роліне  аса  мəн береді.  Кавказда  орын  алған  жағдайды,  алдағы  уақытта  болуы  мүмкін  қақтығыстарды  шешуде  Қазақстанға  сенім  артылуда,  басқа  Батыс  мемлекеттеріне  қарағанда  біздің  посткеңестік  ел  ретіндегі  мүмкіндігіміз  мол  екендігіне  тоқталады.  Бұл  өз  кезегінде  елімізге  жүктелген  зор  жауапкершілік  [4].  2006  жылы  Астанада  өткен  мəдениетаралық,  дінаралық  жəне  ұлтаралық  төзімділік  бойынша  ЕҚЫҰ  Кеңесіне  қатысушы  ЕҚЫҰ  өкілдері  де  өз  сөздерінде  шын  мəнінде  Ұйымға  мүше  мемлекеттер  үлгі  алатындай  Қазақстанның  өзіндік  оң  тəжірибесі  бар  екендігін  бірнеше  рет  қадап  айтқан  болатын.  Бұған  дəлел  ретінде  еліміздің  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  ұлтаралық  қатынас  саласында  туындаған  мəселелерді  оңтайлы  шеше  алғандығын  келтіреді.  Еліміздің  ЕҚЫҰ-на  төрағалық  етуіне  Батыстың  да  мүдделік  танытқаны  белгілі.  Оның  себебін  кейбір  сарапшылар  талайларды  тамсандырған  қазба  байлықтарымызбен  байланыстырады.  Əйтсе  де,  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етуі  «энергетикамен  бірге  ұлтаралық  келісімге  де  негізделгенін»  батыс  сарапшыларының  өзі  мойындауда.  Себебі,  Ұйымға  мүше  56  мемлекеттің  барлығы  дерлік  көпұлтты,  əрқайсының  ұлттарға  қатысты  дербес  саясаты  бар.  Осы   тұрғыдан  алғанда,  қалай  дегенмен  де  Қазақстанға  ЕҚЫҰ-ның  тізгінін  бір  жылға  ұстатқаннан  Еуропа  елдерінің  ұтылмайтыны  даусыз.

Əдетте  ЕҚЫҰ  адами  өлшемдер  саласында  күшті  деп  есептелінеді,  алайда  гуманитарлық  мəселелерде  ұйым  қызметі  көп  жағдайда  демократияландыру  жəне  адам  құқықтарын  қамтамасыз  етумен  шектеледі.  Сол  себепті  елдің  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  етудегі,  төзімділік  қағидаларын  ілгерілетудегі  жетістіктерін  ескере  отырып,  кемсітушіліктің  барлық  формаларымен  күресте  ЕҚЫҰ-ның  күш-жігерін  нығайту  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы  төрағалығы басымдықтарының  күн  тəртібіндегі  негізгі  мəселе  болмақ.  Батыс  елдерінің  Қазақстанға  қызығушылық  танытып  отырғаны  көп  жағдайда  елімізде  ұлтаралық  келісім  жəне  саяси  тұрақтылықтың  орын  алуымен,  осы  мəселелерге  мемлекетіміздің  аса  мəн  беруімен  сипатталады.  Осы  бағытта  Қазақстанның  əлемдік  қауымдастыққа  ұсынар  мол  тəжирибесі,  зор  əлеуеті  бар екендігі  күмəнсіз.  Алайда,  ұлтаралық  мəселе  –  бұл  күнделікті  тыңғылықты  жұмыс  істеуді  талап  ететін  сала,  əсіресе  бүгінгі  қалыптасқан  жаһандану  кезеңінде  ұлтаралық,  дінаралық  татулықты  нығайту  мен  қамтамасыз  ету  бағытында  жаңа  тың  идеялар  қажет.  Осы  тұрғыдан  қарастырғанда  ЕҚЫҰ-ға  мүше  мемлекеттердің,  жалпы  əлемдік  қауымдастықтың  Қазақстан  төрағалығынан  күтері  мол.

Əдебиеттер:

1.  ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының  жыл сайынғы 17-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі.//www.akorda.kz

2.  Венада  Қазақстанның  Ұйымға  2010  жылғы  төрағалыққа  əзірлігі  барысын  таныстыруға  арналған  ЕҚЫҰ  Парламенттік  Ассамблеясының  арнайы  сессиясы  өтті.  //www.minplan.kz

3.  Қазақстан  ұлтаралық  қатынастарды  нығайту  саласында  ЕҚЫҰ-ға  көп  нəрсені  ұсына  алады.  //www.kt.kz

4.  О  председательстве  Қазахстана  в  ОБСЕ:  мнение  немецкого  эксперта.  //www.  dw-world.de

Ұлтаралық  жəне  дінаралық  келісімнің  қазақстандық  тəжірибесі:  ЕҚЫҰ  үшін  ұсыныстар:  халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  конференцияның  материалдары  (Алматы  қ,  25  ақпан  2009  ж.).  –  Алматы:  ҚР  Президентінің  жанындағы  ҚСЗИ,  2009.

 

 

 

 

Оқылды 2849 рет
JoomShaper
Top