Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезіне қатысушылар Астана және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы

Бейсенбі, 26.09.2021
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезіне қатысушылар Астана және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы

Бұл тұғырнама конфессияаралық ынтымақтастықтың маңызды негізіне айналады, сондықтан біз Форумды ғаламат деп санаймыз.

АДАМ ИГІЛІГІНЕ ҚОСАР ҮЛЕСІ ЗОР

Мұхаммед ЗИЯ-УЛЬ-ХАКИ, профессор, Халықаралық ислам университетінің шариат және құқық факультетінің деканы, Исламабад қаласы, Пәкстан.

Мен Әлемдік және дәс­түр­лі діндер көшбасшыларының съезі әлемдік діндер арасын­дағы өзара ықпалдастық пен үнқатысудың тұ­рақты алаңы болады ғой деп пайымдаймын. Бұл тұғырнама конфессияаралық ынтымақтастықтың маңызды негізіне айналады, сондықтан біз Форумды ғаламат деп санаймыз. Съезд әлемдік діндерді адамзат игілігі үшін біріктіруге сүбелі үлес қосып келеді.

ПРОБЛЕМАЛАРДЫ БІРЛЕСІП ШЕШУДІҢ МҮМКІНДІГІ

Сергей ПОПОВ,

Православие Парламентаралық ассамблеясының президенті, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты.

Рухани көшбасшылар съе­зі­нің басты ерекшелігі өткір проблемаларды бірлесіп тал­қы­­лаудың, бізге ХХІ ғасыр шындығы ұсынып отырған күрделі мәселелерге жауапты бірлесіп іздеудің ғаламат мүмкіндігі болып табылады.

Біздің халықтарымыз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер түрлі азаматтар категорияларымен, бірінші кезекте, жастармен тер төге жасалатын күнделікті жұмысты талап етеді. Міне, дәл сондықтан тұрақты жаһандық үнқатысу қажет. Қазіргі үдерістер мен қолдағы тәжірибелерді салыстырмалы түрде тұрақты сараптап отырудың да қажеттігі бар.

Сондықтан біз бұл жолғы Форумнан тек жарқын да мазмұнды бағдарламалар мен атмосфера ғана емес, сондай-ақ мәдениет пен дін үнқатысуын ілгерілетудің қуатты халықаралық бастамаларын да күтеміз.

ҰЛТТЫҚ АЛУАНДЫҒЫНА СЫЗАТ ТҮСІРМЕЙДІ

Маджид Әбдел Азиз ат-Түрки,

Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам және уақыптар істері жөніндегі министрлер конференциясының Бас хатшысы.

Соңғы 15 жылда мен Қа­­­зақ­станға жиі атбасын бұр­дым. Әр келген сайын Шы­ғыстың элементтері мен адам санасының және уақыттың аяқ алысымен үйлесім табуы қажеттігі астасқан осы за­манғы қоғам құрудың тамаша тәжірибесін таң­да­ныспен байқаймын.

Қазақстан мұсылмандық бейнесін өзіне тән ерекшелікпен сақтай отырып, қазақстандықтар қадірлейтін діни және ұлттық алуандығына сызат түсірмейді.

Оған, ең әуелі, қазіргі мақсат-мұраттармен және қағидалармен қатар, Қазақстанның тарих тереңінен бастау алатын мәдени және діни дәстүрлеріне мемлекеттің айнымастығы ықпал етіп отыр.

ӨЗАРА ШЫНАЙЫ СЫБАЙЛАСТЫҚ БАСТАУЫ

Халед АКАШЕ,

Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесі Ислам бөлімшесінің басшысы, Ватикан.

Мен Астанаға жиналатын дін көшбасшылары, белгілі сая­саткерлер, сарапшылар бір-бірін мұқият тыңдап, талқыла­натын тақырыптар бойынша өздерінің ұста­ным­дарын білдіреді деп үміттенемін.

Біз өмір сүріп жатқан дүниеде көптеген проблемалар бар, бірақ оларды шешудің де үлкен мүмкіндіктері бар екені анық. Рухани көшба­с­шылар адамды торыққан сәттерінде фундаментализм мен зорлық-зомбылыққа, жеккөрушілік пен жаулыққа айналуы ықтимал қауіпті қатерлерден сақтап, адамзат жүрегінде үміт отын жағады деген үміт те жоқ емес.

Съездің барлық діни қауым өкілдерінің ынты­мақтастығын нығайтуға бағытталған шынайы­лық пен өзара құрмет негізінде жалғасатынына сенімдімін.

БҰЛ ФОРУМ БОЛАШАҚТА ДА ӨТКІЗІЛУІ ТИІС

Одет ВИННЕР,

Израиль Жоғарғы раввинатының басшысы.

Мен өткен съездердегі қай­таланбас атмосфера кезекті, төртінші форумда да жал­ға­са­ды және біз Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың патронатымен өткізіліп келе жатқан рухани конгрестің пікірталас деңгейін тағы бір сатыға көтере аламыз ғой деп үміттенемін.

Әрине, съездер қазіргі заманғы көкейкесті мә­селелерді талқылауға аса ірі әлемдік дін қай­­рат­керлерін тарту үшін болашақта да өткізілуі тиіс. Сонда жиналғандар қандай да бір проблемалар бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісіп, оны шешудің ортақ жолын қарас­тыр­ған болар еді.

Съезд жұмысына қатысатын көшбасшылар Форум ұсынымдамаларын өз елдерінде де орындайды ғой деп үміттенемін.

http://www.egemen.kz/?p=336102

Оқылды 1029 рет
JoomShaper
Top