Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

Сенбі, 17.08.2021

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!

Біздің форумымыздың, біздің бірлескен кездесуіміз көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Олар қонымды да жемісті өтті. Біз сіздермен өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасында келісімді нығайту мен келіссөз практикасын белгілеу жолында тағы бір маңызды адым жасадық.

Біздің әңгімелесулеріміз бен сөз таластарымыз - келешек ұрпақ, түрлі дін мен ұлттардың бейбіт және лайықты өмір сүруі үшін ынтымақтастық идеясы өмір сүру құқығы барлығын тағы бір көрсетті.

Әр түрлілік - бұл кемшілік емес, керісінше, Құдайдың баға жетпес сыйлығы, оның арқасында нағыз өзара баю, нағыз даму жүреді. Әр халық қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрге, тарихқа, ойлау қабілетіне ие. Әрбірі адамзаттың рухани мәдениетіне өзінің ерекше үнін қосады.

Сіздердің назарларыңызды барлық түрлі жалған діни бірлестіктердің санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым келеді. Олар әр елде бар және негізінен қазіргі замандағы бар қиыншылықтарды негізгі алады.

Олардың көпшілігі қазіргі сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия идеяларды уағыздап, игіліктен ада істерді жасап, қорытындысы дін тұрақтылығын, азаматтық қоғамды ғана емес мемлекетті де бұзуы мүмкін.

Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұруымыз, олардың іс-әрекетіне тиым салып, біздің азаматтарымызды олардың теріс әсерінен қорғауымыз керек.

Біздің барлығымыз үшін барлық әлемдік, дәстүрлі - ұлттық діндер үшін жалпы болып табылатын адамгершілік пікірлердің жоғалмайтын өзектілігі барынша айқын бола түседі.

Осы съезде түрлі тілде түрлі дін қайраткерлерімен айтылған шындықтарды еске алайық.

- "барлық жалпыадамзаттық өмір жалғыз Құдайға бағынысты» - ислам өкілінің сөзінен;

- "біздің арғы атамыз бір - Авраам" - иудаизмнен;

- "өз жақыныңды өлтіре көрме" -буддист айтқан;

- "бейбітшілік пен келісім өзіңмен және табиғатпен үйлесімділік арқылы" -Дао дінінен;

- "ол өзге дін өкілі болсын немесе тіпті кәсіп болсын - өзгеге көмектес" - православиелік христиандық;

- "әлем - Құдай сыйы, біздің кездесуіміз де - Құдай сыйы" - Ватикан діни қызметкері атап өткен.

Яғни біз тағы бір рет барлық конфессиялардың сенім, төзімділік, келісім және адамды сүю арқылы бейбітшілікті уағыздайтындығына көз жеткіземіз.

Осы сіздермен біздің ортақ пікір әлемдік дәстүрлі дін уағыздау түрлі халықтар мен өркениеттер келіссөзінде байланыстырушы түйін болатындығын тағы бір растайды.

Бізге қазіргі өмірде түрлі дін өкілдерінің барынша ұзақ та тарихы бай өміріндегі жинақталған жасампаз тәжірибені пайдалану барынша маңызды.

Біздің барлығымыздың Құбайға барар жолымыз бір. Діндер арасында барынша белсенді келіссөздің уақыты келді.

Біз тұрақты негізде өмірге беделді рухани лидерлер мен қарапайым діндарлардың біріккен ерігін өмірге әкеле алатын халықаралық конфессияаралық ұйым қажеттігін сезінеміз.

Осы қызметті әлемдік және дәстүрлі - ұлттық діндер форумы атқара алады деп сенемін.

Діннің ХХІ ғасырда уағыздау мен дамыту көзі бола алады ма?

Біздің осы екі күн ішіндегі бірлескен жұмысымыз көзі бола алады деп көрсетті деп ойлаймын.

Біз бір қарапайым, шынайы шындықты түсінуіміз керек - біздің барлығымыз осы қазіргі заманда өзара тәуелдіміз. Және осы өзара тәуелділік кез келген тербеліс пен өзгешелікке барынша нәзік және сергек тетік болып табылады.

Біздің жалпы үйіміз біздің ел ғана емес біздің барлық Жер шарымыз екені маңызды.

Және біздер біздің балаларымыз, немерелеріміз және шөберелеріміз бейбіт өмірде, сау ортада, өзге халық және конфессиялармен келісімде өмір сүруін, соғыс пен жоқшылықты білмеуін қалаймыз.

Біздің іс-әрекетіміз, біздің құлшылық етулеріміз және жан ашу сезімдері Жер шарының ыстық нүктелеріндегі, түрлі наразылық аймақтарында миллиондаған адамдардың қасіреттері тоқтайтын ашық уақытқа жақындауымызға көмектеседі деп сенемін.

Біздің барлығымыз үшін Таяу Шығыста көптен күткен бейбіт өмір келетін, Балкандағы, Оңтүстік Азиядағы кейбір өңірлерде, Африка континентінде және өзге жерлерде шиеленістер тараған күн бақыт пен игілік күні болады деп үміттенемін.

Өз сөзімді аяқтай келе біздің құрметті қонақтарымыз - делегация басшылары мен өкілдеріне олардың осы жұмысқа белсене араласқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Осы күндері біздің атымызға көптеген хат, жеделхаттар, электрондық пошта арқылы хабарламалар әлемнің түкпір-түкпірінен келді.

Осыған байланысты осы Форум идеясын және діндер арасында келіссөздер қажеттігін  құптаған мемлекет басшыларына, саяси және қоғамдық қызметкерлерге, түрлі елдердің қарапайым елдері мен қазақстандықтарға ерекше алғысымды білдіремін.

Маған сезілгендей Төзімділік, Шындық, Әділдік және Махаббат сияқты мәңгі шындықтар жолын ұстаушы біздерді растайтын формуланы жасадық деп ойлаймын.

Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.

Біздер дін атын жамылған экстремизм, сепаратизм, терроризм және зомбылықтың өзге түрлері дінді шынайы түсінумен ешбір ортақтығы жоқ және адамзат үшін қауіп болып табылады деген ортақ пікірге келдік.

Біздер дінаралық келіссөз қоғамдық дамудың және барлық халықтардың игілігін арттыруда маңызды тәсілдердің біреуі болып табылатындығын таныдық.

Біздер адамзат бейбітшілігі мен алға дамуын, қоғамда тұрақтылықты келешектегі үйлесімді әлем негізі ретінде қамтамасыз ету ісінде барлық күшімізді жұмылдыруға дайын екендігімізді көрсете білдік.

Мен келесі Съезді дайындауға бізге көрсетілген сенім үшін осы форумға қатысушылардың барлығына алғысымды айтамын.

Бұл өздігінен Бейбітшілік пен келісім  аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын құру аспабы ретінде тұрақты дінаралық келіссөз идеясы іске асып келе жатқандығын көрсетеді.

Өз елдеріңізге жеткеннен кейін Астанадағы кездесуді ұмытпаймыз, хабарласуды, пікір алысуды және бейбітшілік пен келісімді дамыту, шиеленістер мен қақтығыстарды шешу бойынша күнделікті жұмысты жалғастырамыз деп сенгім келеді. 

Егер біз өз қауым мүшелерімізге, біздің елдеріміздің азаматтарына осы жердегі әңгіме мәні мен негізін жеткізе білсе, осымен бейбітшілік пен келісім ісіне үлкен үлес қосамыз.

Біздің Съезді біздер қабылдаған Декларация сөздерімен аяқтаған дұрыс деп ойлаймын: біздің ісімізге Алла жар болсын, Жер шарының барлық халқына әділдік, бейбіт өмір және гүлденіп даму сый болсын.

Сіздер мен сіздердің елдеріңізге құт дарысын. Сіздерден қатер мен қайғы айналып өтсін. Сіздердің күндеріңіз адамдар игілігі, бейбітшілік және тұрақтылық туралы тілекпен толы болсын.

Барлықтарыңызға ақ жол! 
Келесі кездескенше!

 

 

 

Оқылды 903 рет
JoomShaper
Top