«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ, олардың амалдарын Алла Тағала қабылдамайды».
Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.):
– Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.
Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:
– Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.