Сараңдық дегеніміз не?

Сейсенбі, 16.02.2022
Сараңдық дегеніміз не?

Шәкірттердің бірі хазіреті Әлиден сараң адамның жайы туралы сұрайды. Сонда Әли:

– Сараң байлығын жұмсамайды, қажетіне де жаратпайды, сөйтіп дүниеде бәрібір кедейге ұқсайды. Бірақ, ақыретте ол байлардың қатарында тұрады, есепті де солардай тапсырады.

Осылайша, хазіреті Әли адамды сараң болмауға шақырады. Егер қолыңдағы дүниені, тіпті, өз қажетіңе де жұмсауға қимайтын болсаң, онда сен нағыз сараң болғаның. Ол дүниені жиғаннан не пайда? Бәрібір саған оның пайдасы жоқ, тек зияны бар. Бірақ, есесіне Қиямет күнінде Алланың алдында есеп-қисабын бере алмай тұрған бейшара байлардың қатарында тұрасың. Дәл солар сияқты өз теріңе тұншығып, соңғы бақырға дейін есеп бересің.

Алла бізді мұндайлардың қатарынан қылмасын.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Оқылды 1712 рет
JoomShaper