– Ей, Алланың дұшпаны! Мені дұрыс жолдан тайдыратын қандай құпияң бар? - деп сұрайды.
Ібіліс:
– Уа, Яхия! Менде сені тура жолдан тайдыратын бір ғана нәрсе бар, ол – тамақты көп жеу, көп су ішу кейін өз уақытында намаз оқуға жалқаулық таныту.
Шайтанның құпиясын естіген Яхиа:
– Аллаға қасам етемін! Осы күннен бастап мен тойып тамақ ішпеймін, - деп ант суын ішеді.
Сонда Ібіліс те:
– Қап, пәлем! Аллаға ант етемін! Мен де сенен кейін бұл жайында ешкімге тіс жармаймын, - деп сөз берген екен.
Иә, көп тамақ жеу, көп сөйлеу, көп күлу деген сияқты т.б. қылықтар мұсылманға жараспас болар. Қарап отырсаңыз, нәпсіге жамандықты қалататын да, оны орындататын да әрі жаманды жақсы етіп көрсететін, жақсыны жаман қылып сендіретін де Ібіліс малғұн екен. Сондықтан, Ібіліс құрған тұзақтан сақ болып, көзіміз қырағы, көкірегіміз ояу жүрейік.
Жалғас Садуахасұлы