Бір күні біреу Алқамаға қарадай тиісіп, айтпаған сөз қалдырмайды. Ол кезең ел ішінде әртүрлі бүлік белең алып, адамдар жазықсыз күйе жағу, жала жабуға арланбайтын кез еді. Ірі имам өзін сөккен адам сөзін аяқтағанша, үндемей тыңдайды да, соңында Құранның:
«Мүмин ерлер мен әйелдерге жасамаған нәрсені таңып қинағандар, істемеген күнәні айтып оларды қаралағандар, өте ауыр бір қателік жасап, ап-ашық күнәға кірген болып табылады» («Ахзаб» сүресі, 58.) деген аятын оқиды.
Әлгі кісі бұны естігенде «Сонда өзіңді мүминмін деп тұрсың ба?» деп ежірейеді. Сонда үлкен имам өзіне жарасатын байсалды мінезін бұзбай: «Иә, үміттімін» деп қана жауап береді.
Қ.САБЫРЖАНҰЛЫ