Түйе жеке адамның емес, қазынаның малы болса керек, халифа келгендердің сәлемін алар-алмас:
– Кәне, мына түйені ұстайық, айырылып қалсақ қаншама адамның ақысы мойнымызда кетеді, – дейді. Қонақтардың бірі халифаға:
– Сіз халифа емессіз бе? Түйені ұстауды жалшыларыңызға-ақ тапсырсаңыз болмай ма? – дегенде, халифа:
– Менен артық саған басқа қандай құл керек? – деп ашуланған екен.