«Кеше кім едің?»

Сәрсенбі, 06.01.2022

Халифа Омар (р.а.) мешіт мінберіне шығып халыққа құтпа оқып тұрып, әлден уақытта іркіліп қалып:

«Әй, Омар, сен кеше ғана әкең Хаттабтың түйесін баққан малшы емес пе едің» дейді. Жұрт аң-таң. Сірә, ешкім ештеңе түсінбесе керек. Кейін бұл сөзді неге айтқанын сұрағандарға халифа:

– Мінберге шығып сөйлеп жатқанда, әлдеқандай ой келді. Тәкаппарлықтан қорқып, өз-өзімді сабама түсірдім, – дейді.     

Қ.САБЫРЖАНҰЛЫ

 

 

 

Оқылды 3797 рет
JoomShaper