Анама дұға жасаңызшы?

Сейсенбі, 05.01.2022

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бір күні: «Я, Расулаллаһ, менің анам жақындары мен бала- шағасына өте мейірімді жан. Сондай ізгі жанға имандылықты насихаттап, шарапатты дұғаңызды арнаңызшы. Бәлкім Аллаһ анама рақым етіп, жәһаннам азабынан сақтар», – деп қиыла өтініш жасады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің адал досы, үңгірде жанынан табылған жолдасы, мұңдас әрі сырласы Әбу Бәкірдің өтінішін орындап, анасына дұға жасады. Іздеп барып насихат та айтты.

Көп өтпей Үммі Хайыр да мұсылман болды, тіпті мұсылман үмбетінің ішіндегі ең құрметті аналардың қатарына қосылды.  

Құдайберді БАҒАШАР

Оқылды 3733 рет
JoomShaper