Жексенбі күні Стамбұлда Әлемдік экономикалық ассамблея саммиті өтті. Айтулы жиында сөз сөйлеген президент Түркияның "ИШИР" тобына қарсы халықаралық коалицияға қалай кіруі негізінде сұхбаттасатынын айтты. Осылайша "Түркия лаңкестерді паналатып отыр!", "Түркия бүкіләлем болып лаңкестермен күресу мақсатына бірікпеді" деген сипаттағы айыптауларды теріске шығарған Ердоған алдағы уақытта түрік елі тарапынан қандай қадамға баратынын жариялайтынын нақтылап отыр.