Әлемнің 160 елі шектеу қойған бұл жазадан бас тартудың басты себебін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун "Қоғамда ұзақ уақыттан бері өлім жазасы - қылмыстың қатарын азайтады" деген пікір қалыптасқан еді. Бірақ, ғалымдардың тыңғылықты зерттеулерінен бұл жаңсақ пікір екені анықталып отыр. Сонымен қатар бұл жазаға көбінде әлеуметтік аз қамтылғандар, босқындар мен мигранттар ұшырап жатады" деп түсіндірді. Өзінің өлім жазасын қолдамайтынын осылай білдірді Бас хатшы.
Ресми мәліметтерден үстіміздегі жылдың қараша айында Бас Ассамблея өлім жазасына мораторий жасауға үндейтін резолюция қабылдайтыны белгілі болды. Айта кетейік, 10 қазан - БҰҰ-мен дәстүрлі Дүниежүзілік өлім жазасына қарсылық күні болып бекітілді.
E-islam.kz