БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун "ИШИР" қойған блоктан босаған Амерли қаласы үшін қуанышын білдірді. Ол БҰҰ-ның азаматтар мен олардың бостандығына жауапты қызметкерлерінің барлығына шын жүректен алғыс білдіріп, алғашқы көмектің де жедел жеткенін бағалады. Бас хатшы 2 ай бойына қандықол қарақшылар тарапынан соққы көріп, зәрезап болған халықтың үлкен масштабтағы апатқа ұрынуының алдын ала алғаны үшін де қуанышты екенін жеткізген. БҰҰ-ның радиосы хабарлағандай, БҰҰ-ның Балалар қоры 45 мың тонна өмір сүруге ең қажетті деген көмекті жеткізген. Бұдан бөлек БҰҰ-ның өзге мекемелері зардап шеккендерге басқалай көмектерін көрсеткен.
E-islam.kz