Діни мәселелерге жауап беру жолдары жетілдіріледі (ФОТО)

Сәрсенбі, 29.03.2022

Астана. 29 наурыз. E-ISLAM – Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бөлім басшылары мен дін қызметкерлерінің жиыны өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының төрағалығымен өткен жиын барысында қазіргі күні жастардың мәлімет іздеудегі сұранысына ие ғаламтор, баспасөз бағыты бойынша жұмыстарды көтеру мәселелері талқыланды. 

«Қоғамның діни таным-түсінігімен жұмыс жасау әуелі уақыт пен жүйелі жұмысты қажет етеді. Бұл бір күннің немесе бір аптаның жұмысы емес. Сондықтан, Діни басқарманың әр бөліміне артылар жауапкершілік өте зор. Қазір жастардың көпшілігі діни мәліметтерді ғаламтор мен әлеуметтік желілерден, баспасөздерден алады. Ғаламтор, баспасөз бағыты бойынша жұмыстарымыз белсенді жүргізілуде. Muftyat.kz, muslim.kz, ummet.kz, ihsan.kz, mazhab.kz т.б. сайттарымыз діни ақпараттық кеңістікте жетекші порталға айналды. Көрілім жағынан да рейтингісі көтеріліп келеді» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сонымен қатар, бас мүфти діни сұрақтар мен мәселелерге жауап беруді жетілдіруді тапсырды.

«Жастар ғаламторды көбірек пайдаланады. 2016 жылы оқырмандар тарапынан тек fatua.kz cайтымызға келіп түскен 4186 сұраққа дін мамандары жауап берді. Бұдан бөлек, Діни басқармаға келіп, пәтуа сұраған 678 адамға пәтуа берілді. Шариғи мәселелер төңірегінде телефон арқылы да сұрақ қоятындар да аз емес. Діни мәселелерге терең білімі мен біліктілігі жоғары мамандарымыз жауап беруде. Және бұл Діни қызмет білімді үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет етеді» деді ҚМДБ төрағасы.

Жиында Ғаламтор насихаты бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалықов, «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов, Шариғат және пәтуа бөлімі маманы Бауыржан Әлиұлы мен Медет Құрмашұлы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.


 

 

 

 

 

Оқылды 41 рет
JoomShaper
Top