«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар Кеңесі атынан көңіл айтамын. Ә.Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейірімі мен рахымына бөлегей! Әмин!» – делінген бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.
Сманов Әбсаттар Шәкірұлы 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.