Шығыстану институтына – 20 жыл (ФОТО)

Дүйсенбі, 17.10.2021

Астана. 17 қазан. E-ISLAM –  2016 жылдың 12-13 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 20 жылдығына арналған «Қазақстандағы шығыстанушылық зерттеулер: жетістіктері және оның келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда институттың этносаяси және аймақтық ахуалды талдау тәжірибесі, Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, саяси-экономикалық, діни-әлеуметтік қарым-қатынастардың аспектілері қарастырылды.

Аталмыш конференцияға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары, т.ғ.к. Баймаханов Бекжігіт Көбейұлы қатысып, институт директоры, көрнекті ғалым Дербісәлі Әбсаттар Бағысбайұлына Орталықтың атынан құттықтау хат табыстады.


Оқылды 173 рет
JoomShaper
Top