Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың брифинг баяндамасы

Жұма, 14.10.2021

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мақсаттары мен міндеттері туралы

Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Бүгін сіздермен кездесіп, жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің алдында қандай міндеттер мен қандай жұмыс басымдықтары тұрғанын айтып беруге мүмкіндік болғанына қуаныштымын.

Барлық ақпарат құралдарымен бұдан кейін де тығыз жұмыс істейтінімізге үміт білдіргім келеді. Сіздермен тығыз өзара әрекеттесу мемлекеттің дін, азаматтық қоғам және жастар істері салаларындағы саясатын тұрғындарға жеткізіп отыруда және осы салалардағы мәселелер мен проблемаларды тиімді шешуде өте қажет деп білемін.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Министрлік өз жұмысын келесідей   3 басты бағытта жүргізетін болады:

бірінші– дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу, азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету;

екінші– мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің пәрменді моделін орнату;

үшінші– пәрменді мемлекеттік жастар саясаты.

Енді Министрліктің аталған үш бағыттағы жұмысына қысқаша тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер.

Дін саласында:

Бұл саладағы ең маңызды міндет - еліміздің дамуының зайырлы қағидатын қамтамасыз ету және нығайту. Яғни, азаматтардың ар-ождан бостандығын бұлжытпай кепілдендіру, оның дінді таңдай алу немесе діннен бас тарта алу құқығын қамтамасыз ету - біздің зайырлылық моделіміздің айнымас негіздері ретінде қала береді.

Осы тұрғыдан алғанда қоғамымызда берік орныққан конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту діни бірлестіктермен бірлескен жұмысымыздың аса маңызды бағыты болып қала береді.

Еліміздің дін саласының дамуы туралы тұтастай түсінік қалыптастыру үшін біз Дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы концепцияны (тұжырымдаманы) әзірлеуді көздеп отырмыз. Бұл құжатта мемлекеттің дін саласындағыұстанымы, стратегиялық мақсаттары мен жұмыс бағыттарын айқындайтын боламыз.

Бұл құжатты әзірлеуге сарапшыларды, дінтанушыларды, азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, оны қоғамның қатысуымен ашық түрде талқылауды жоспарлап отырмыз.

Концепция негізінде діни қызмет туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды дайындайтын боламыз.

Ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар мемлекет пен қоғамның зайырлылығын одан әрі нығайтуға бағытталады. Бұл діни білім алу тәртібін реттеуді, жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол бермеуді, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіруді қажет етеді.

Біз діндар адамдарға діни рәсімдерін өтеу үшін ыңғайлы, қолайлы жағдайлар жасайтын боламыз.

Осы орайда, менен «Дін саласындағы концепцияны әзірлеу мемлекеттің діннен бөліну қағидатына қаншалықты сәйкес келеді» деп сұрайтындар бар.

Меніңше, мұнда қандай да бір қайшылық жоқ, өйткені бүгінгі күнде діни бірлестіктер – қоғамдық өмірдегі шынайылық, азаматтық қоғамның бір бөлігі, ал мемлекет олардың қызмет атқаруы үшін құқықтық жағдайлар мен орта қалыптастырады.

Осы тұрғыдан алғанда, Концепция – мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастарға көзқарастар жүйесі, зайырлылық қағидатының тұғыры дер едім.

Дін саласындағы көптеген ведомстволардың жұмыстарын үйлестіру үшін Үкімет жанында ведомствоаралық комиссия құрылатын болады.  

Осы орайда Министрлік дінді теріс мақсаттарға пайдалануға ұмтылатын кез-келген әрекетке жол бермеу және жолын кесу үшін барлық шараларды қабылдайтынын атап айтқым келеді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары негізгі 2 бағытта жүргізілетін болады: жалпы профилактика және мақсатты реабилитациялау жұмыстары:

1) жалпы профилактика қоғамда діни-экстремистік идеологияны жақтырмау ахуалын қалыптастыруды, дінге қызығушылық танытатын тұрғындардың сауатын көтеруді көздейтін болады;

2) мақсатты реабилитация тәуекел топтарымен, яғни экстремистік ағымдардың идеологияларына еріп кеткен адамдарды теологиялық тұрғыдан дәстүрлі сенімге қайтару мақсатында жеке жұмыстар жүргізу арқылы іске асырылатын болады.

Бұл бағыттағы іс-шараларда Ішкі істер министрлігінің түзеу мекемелерінде (колонияларда) жазаларын өтеушілермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.

Біз радикалдық идеяларға қарсы іс-қимыл және теріс діни ағымдардың жетегінде жүрген діндар азаматтарды оңалту мәселелерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен өзара әрекеттестікті күшейтуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы, дін саласында басты рөл ойнайтын – діни бірлестіктер, солардың ішінде – Муфтият.

Мемлекет осы мақсатта мешіт қызметкерлерінің білім деңгейін көтеруге, оның қызметінің ашықтығынқамтамасыз етуге және олардың өз жұмыстарын зайырлылық жағдайына бейімдеуіне қолғабыс көрсететін болады.

 

* * *

 

В сфере взаимодействия с гражданским обществом. Мы определили для себя несколько приоритетных направлений в развитии институтов гражданского общества.

Во-первых, совершенствуется нормативно-правовая база с целью развития институтов гражданского общества на основе лучшего зарубежного опыта.

В ней заложены качественно новые принципы партнерства с НПО, которые позволили добиться важных изменений на поле «третьего сектора».

Сектор НПО становится сектором реальной социальной занятости. Растет число созданных рабочих мест в данном секторе.

Их вклад в социально-экономическое развитие Казахстана играет ощутимую роль.

Также формируется специальное экономическое поле – некоммерческий сектор.

Только в 2015 году госсоцзаказ составил 7,1 миллиардов тенге, в текущем году – 9,4 миллиардов тенге.

Внедряется принцип делегирования государственных соцуслуг «третьему сектору».

Рабочей группой при Министерстве национальной экономики при участии Гражданского альянса определены 34 функции госорганов, которые возможно передать гражданскому сектору.

Начинают работать механизмы конкуренции НПО, что обеспечивает повышение качествапредоставляемых социальных услуг.

Ежегодно они оказывают услуги более 8 миллионам человек.

Причем наблюдается тенденция расширения деятельности НПО в регионах страны.

Им оказывается соответствующая финансовая поддержка в соответствии с законодательством РК.

Всего по республике в текущем году реализуется более 1 900 социальных проектов.

В целом, формируется новый вид общественных отношений: социальное предпринимательство и социальный менеджмент.

Во-вторых, впервые в истории Казахстана с этого года НПО стали получать грантовое финансирование.Создан «Центр поддержки гражданских инициатив» – оператор грантового финансирования. Он может получать поддержку, как от государства, так и от негосударственных доноров.

Создана экспертная общественная комиссия по выделению грантов, предусмотрен обязательный ежегодный публичный отчет перед общественностью, привлекаются независимые директора.

В-третьих, впервые в Казахстане создана База данных НПО, которая обеспечивает доступность для общественности и доноров информации 
о проектах и достижениях НПО. С 2017 года база будет переведена в электронный формат.

 

* * *

 

 Ал енді мемлекеттік жастар саясаты саласына келер болсақ, оның басты мақсаттарының бірі - жастарды әлеуметтендіру және олардың әлеуетін елдің дамуына бағыттау.

Қазіргі күнде «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» атты Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасыныңалғашқы кезеңі аяқталды. Оның мақсаты жастар саясатын институционалдық және құқықтық жағынан нығайту болатын.

Нәтижесінде, бүгінгі күнде өңірлерде жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар, 198 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп отыр. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, жұмыс жасауда.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы кеңестердің рөлі күшейді – оларды Әкімдердің өздері басқаратын болды.

Алайда, аталған кеңестерде жастар және олардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдардың үлесі төмендеу (шамамен 18,6%). Алдағы уақытта, бұл көрсеткіштің өсуіне бағытталған жұмыс жүргізілетін болады.

Алдағы уақытта жастар мен азаматтық қоғам институттарының арасындағы жұмыс негізінде жастарды әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге интеграциялау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Аталған міндеттерді шешу шеңберінде келесідей жұмыстарды іске асыру көзделуде:

Біріншіден, жастар ұйымдарын жастардың барлық санаттарын қамтитын қызмет түрлерін көрсетуге бағыттау.

Екіншіден, ұйымдаспаған жастармен, әсіресе жұмыссыз және оқымайтын жастар санатымен жұмыстар жүргізу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді жасақтау. Бұған Жастардың ресурстық орталықтарының әлеуетін кеңінен пайдалану.

Үшіншіден, бүгінгі жас ұрпақ өзіне қажетті ақпараттар мен қызметтерді Интернет арқылы алады.

Осыны ескеріп, жастарға Интернет пен мобильдік қосымшалар арқылы тартымды, заманауи жобалар мен бағдарламаларды ұсынуымыз қажет.

Осы жылдың жақсы жетістігі ретінде «Жасыл ел» ұландарына жұмыс беруші тарапынан төленетін жалақыға қосылатын үстеме екі есеге өсірілді (13 мың теңгеден            35 мың теңгеге), және осы қаражатты келер жылдан бастап трансфертпен өңірлерге беріледі (2017 жылдан бастап өңір әкімдіктері жастардың еңбек отрядтарын қалыптастыру және оларға киім тіктіру мәселелерін өздері шешеді. Бұл жалақы үстемелерін төлеу мен киіммен жабдықтау мәселесін біржола шешеді).

Президент жанындағы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңес құрамын күшейту мәселесі пысықталуда. Кеңес құрамына орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын енгізу ұсынылуда.

Осы жылы мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара әрекеттесудің жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Жастардың Республикалық форумы алғаш рет өткізілетін болады.

Қазіргі күнде өңірлік форумдар өтуде және делегациялар қалыптасуда.

Аталған Форумда Ұлттық баяндама талқыланып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалатын болады.

Үкіметке ұсыныстар әзірленеді.

Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау мақсатында биылғы жылы Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Дарын» Мемлекеттік премиясы берілетін болады.

 

* * *

Құрметті БАҚ өкілдері!

Министрліктің алдағы уақыттағы жұмыстарының негізгі бағыттары қысқаша айтқанда осы.

Мен өз баяндамамды қорытындылай отырып, Министрлік дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты салаларын қамтитын жұмыстарды белсенді түрде іске асыра беретіндігін айтқым келеді. Біз бұған өзіміздің барлық күш-жігерімізді жұмылдыратын боламыз.

 

Назарларыңызға рахмет!

Оқылды 575 рет
JoomShaper
Top