Мәжiлiс терроризмге қарсы заңға енгізілген өзгерiстердi мақұлдады

Бейсенбі, 06.10.2021

Астана. 6 қазан. E-ISLAM –  Мәжiлiс депутаттары ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Заң жобасын қабылдау терроризм, экстремизм, қару-жарақ айналымына қарсы және көшi-қонды реттеу бойынша iс-қимыл саласындағы қолданыстағы заң жобасын жетiлдiрудi көздейдi. Заң жобасына сәйкес, қару-жарақ айналымын бақылау, оны сақтау тәртiбi күшейтiледi. Сондай-ақ, азаматтық, қызметтiк қару-жарақ айналымы мен күзет саласында жұмыс iстейтiн кәсiпкерлiк субъектiлерi мен т.б. мемлекеттiң ерекше бақылауында болады» дедi ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.

Заң жобасы жалпы экстремизм мен терроризмге қатысы бар азаматтар үшiн жазаны күшейтедi.

«Заңды қабылдау мемлекет азаматтарының террористiк және экстремистiк қауiптерден қорғалу деңгейiн арттыруға мүмкiндiк бередi», - дедi М.Қалқабаев.

Ал Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарға еш уайымдамай өмір сүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заң жасау туралы Қазақстан президентінің тапсырмасын орындаудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, елімізге қоғамда қауіпсіздік сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз ететін заң әзірлеу керек.

Оқылды 131 рет
JoomShaper
Top