Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтеді

Бейсенбі, 29.09.2021
Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтеді

Астана. 29 қыркүйек. E-ISLAM – Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология бойынша саммиті өтеді. Ауқымды шара 2017 жылға жоспарланған.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы ИЫҰ ғылым мен технология саммитін өткізуді ұсынды. Біз әрдайым халықаралық қауымдастықпен жұмыс істесуге әзмірміз. Әсіресе, инновациялық ғылым мен жаңа технологияны дамыту саласына есігіміз ашық» деп хабарлады Қазақстан Парламент Мәжілісі төрағасы  Нұрлан Нығматуллин ғылым, технология және инновация мәселелері жөніндегі Азия парламентаралық форумында.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Астанада Азиялық парламентаралық форумы өтуде. Форумда талқыланған тақырыптар қатарында ғылым мен технология саласындағы саясат, білім және ғылым саласының заңнамалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ, өндіріс секторында ғылыми-техникалық өлшем енгізу мәселелері қамтылды. Аталған бағыттар бойынша Әзірбайжан, Египет, Пәкістан, Мали, Алжир, Үндістан, Бангладеш пен Гамбия секілді елдерден келген парламентарилер, ғалымдар мен сарапшылар тәжірибелерін бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Оқылды 128 рет
JoomShaper
Top