Алау Әділбаев

Дінтанушы, доктор Ph.D

Өмірбаяны Арнау сөз Еңбектері Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әділбаев Алау Шайқымұлы 1972 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келді. Ph.D, магистр ғылыми дәрежелері бар. 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Дінтанушы», араб тілінің мұғалімі, философия бакалаврі мамандықтары бойынша аяқтап шыққан. 1997 жылы «Көне түркі халықтарының Тәңір түсінігі және Құрандағы Алланың сипаттамасы» тақырыбы бойынша магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алды. 2002 жылы Анкара университетінің гуманитарлық ғылымдар институтынан «Теология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды. 2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2005 жылдан «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушылықпен айналысты. 2006 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында әуелі бас маман, соңынан дін істері бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Нұр» Мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті портал оқырмандары!

Мен Әділбаев Алау Шайқымұлы, дін саласының маманымын, «Саңлақ сахабалар», «Қасиетті мәуліт», «Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары» сынды дін мен құндылыққа қатысты бірқатар еңбектердің авторымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап бере аламын: Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары, сахабалар өмірі, ислам этикасы, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны, исламдағы отбасы, исламдағы бойсұнушылық.

Еңбектері

  • 1. Саңлақ сахабалар, 1-бас. - Алматы, 2004, «Алтын қалам» баспасы, 262 бет
  • 2. Қасиетті мәуліт, Алматы, 2006, «Алтын қалам» баспасы, 40 бет
  • 3. Кемелдік кілті, Алматы, 2008, «Нұр-Мүбарак» баспасы, 248 бет
  • 4. Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, Алматы, 2011, 399 бет
  • 5. Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (с.а.с.), Алматы, 2013, 192 бет

Мақалалары

  • Мұсылман ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті 1. Халықаралық ғылыи конференция материалдары, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2004-2005 жылдары өткізілген конференция материалдары) Алматы, 2006, 44-52-б.
  • Исламда әділдік ұғымы//, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия фак. Қасымов оқулары, халықаралық конференция баяндамасы, Алматы, 2005
  • Сүннеттің Құранмен үндестігі және дінде дәлел болуы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, ІІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008, 16-32-б.
  • Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди//, ІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2006-2007ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008ж, 94-100-б. (5бет)
  • Ислам мен терроризм – кереғар ұғымдар// , IV Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2008-2009ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2009ж, 83-91-б.
  • Казакистанда девлет-дин илишкиси ве дини олушумлар, Түркия республикасы, Спарта қаласында өткен, «Түркі әлемінде діни жағдай» атты халықаралық ғылыми-пркатикалық конференция материалы, 2010
  • Әбу Ханифаның өскен ортасы және тарихи жағдай// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2010ж.), Алматы, 2011, 73-81-б.
  • Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны// Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2011, 3-9-б.
  • Әбу Ханифа және хадис мәселесі// «Ислам: Адам және қоғам діні» атты Қазақстан Респудликасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына және 2011 жылы «Ислам конференциясы ұйымына» төрағалық етуіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, ғылыми-педагогикалық журнал, ХІІ, Алматы, 2011 ж., 48-53-б.
  • Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуы және ақида іліміндегі орны// «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы», Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ғасыр санасы: Онтология, дін, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, Қазақстан, 2011 ж., 18 мамыр, Алматы, 2011 ж., 204-208-б.
  • Ғылым және дін: қайшылықтан ымыраластыққа// Жастар. Руханилық. Интеллектуалды ұлт, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану фак., халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, Философия ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 80 жылдығына арналған V Қасымжанов оқулары, Алматы, 2011, 164-169-б.
  • Имам Әбу Ханифа мен Матуридидің пікір сабақтастығы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2011 ж.), Алматы, 2012, 111-119 б.
  • Ұлтты біріктіру - әрбір иманды азаматтың міндеті// Айқын газеті, 2012
  • Саңлақ сахабалар және рамазан,// Қазақстан-Zaman газеті, № 33 (903), 16 тамыз, 2012, 9-б.
  • Нұх (ғ.с.) – Ұлық бес пайғамбардың бірі// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 20-21-б.
  • «Алла Тағала Ибраһимді дос тұтты»// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 23-б.
  • Ханафи мәзһабының тарихи мәні мен оны дамыту стратегиясы // ҚР БжҒМ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Түркі дүниесіндегі ислам ғылымдарының ролі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары, 26-27 сәуір 2012ж. Түркістан, ......беттер
  • Қазақстанда ханафи мәзһабының тарихи мәні мен қазіргі замандағы маңызы// ИСЕСКО ұймы тарапынан өткізілген халықаралық ғылыми симпозиум, Алматы, 2012 ж. 7 бет
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ислам құқығында үкім шығару әдісі ретінде «әл-масалих әл-мурсала», КазҰУ Хабаршысы, философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы, №2 [43] 2013 ж., 66-73-б.
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ханафи ғалымдарының ислам фиқһына қатысты негізгі еңбектері// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2013 ж.), Алматы, 2013
  • Несостоятельность негативных суждений в адрес ученого, факиха Абу Ханифы с призмы выдающихся ученых// Материали за 9-а международна научна практична конференция, «Динамиката на съвременната наука», - 2013. Том 5. История. Философия. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2013. – 82-92-б.
  • Жастар арасындағы дәстүрлі діни түсінікті қалыптастырудағы ханафи мазхабының рөлі// «Дін және жастар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Атырау: 2013, 7 б.
  • Діни ахуалдың күрделілігі және оны шешудің жолдары // «Діни ғұрыптар және қазақтың салт-дәстүрлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Қызылорда, 2013. 9 б.
  • Қазақ халқында Пайғамбар сүйіспеншілігі, Қала мен дала газеті,7 мамыр, 2004
  • Алланың елшісі хақында, Қала мен дала газеті, 13 мамыр, 2005
  • Рус ориантализмінің олушумунда Казан еколунун ролу, Туркия, Дини араштырмалар журналында, 2002 ноябрь
  • Казакистан топракларында юрутулен руслаштырма фаалиетлери, (Қазақстан территориясында жүргізілген орыстандыру саясаты), Туркия, билиг журналы, 2002
  • Әйел мен еркек тең бе? Аңсар журналы, 2006,№3
  • Сайд ибн Әмир. Иман журналы, 2006,№10
  • Халид ибн Уәлид (саңлақ асхабалар). Иман журналы, 2006, №8, 5-б.
  • Әбу Убәйда ибн Жаррах. Иман журналы, 2006, №1, 4-б.
  • Хамза ибн Әбдүлмүттәліп. Иман журналы, 2006, №5, 4-б.
  • Біләл Хабаши. Иман журналы, 2006, №9, 3-б.
  • Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Иман журналы, 2009, №12, 5-б.
  • Кіршіксіз шынайы махаббат. Иман журналы, 2009, №5, 2-б.
  • Шынайы сүйіспеншілік. Иман журналы, 2009, №6-7, 2-б.
  • Ата-ананың қадірі. Иман журналы, 2009, №10, 5-б.
  • Жаратушыны тану. Иман журналы, 2009, №3-4, 4-б.
  • Үміт пен үрей. Иман журналы, №3, №4, 2010ж.
  • Сыддық, шыншылдық, шынайлылық, адалдық. Иман журналы, №1, №2, 2010ж.
  • Сабыр-иманның белгісі. Иман журналы, 2010
  • Сабыр – жүрек амалы. Иман журналы, 2010
  • Әділдік. Иман журналы, 2010
  • Тәуекел. Иман журналы, 2010
  • Жомарттық. Иман журналы, 2010

Бір жыныстылықтың емі бар ма?

Жұма, 07.10.2021

Сəлеметсіздер ме, өтінемін, толықтай оқыңыздаршы, мен сірə Алланың алдында ең төменгі орында тұратын шығармын. Тіпті, айтуға да аузым бармайды. "Неге өмірге келдім, оданда сəби кезімде Алла неге мені алып кетпеді?" деген ойлар келеді. Шіркін, ата-анамыз бізге ес білгелі шариғат жолын үйреткенде ғой... Мен де Алланың пендесі едім ғой, басқаларды сақтағанындай, неге мені де сақтамады? Неге сол бір ғана күн менің басымнан өтті? Неге?

Мен бұл зинаны жасағаннан кейін де өзімнің үлкен күнə жасағанымды біліп, Алладан кешірім тілеп жүретін едім. Мен де үлкен əулеттің келіні болғым келетін (бұл адам сенбес зинаны жасағаннан кейін де). Бəріміз сол бақшада жиналсақ екен дейтінмін. Тіпті, мен сол əулетке бақытты болу үшін емес, оларды бақытты етемін деп армандайтынмын. тіпті 14 жасымда Қадір түні күні мешітке барып, маған жақсы жар болатын азаматты Алладан тілеп қайттым. Ата-ана, бауыр десе жаным ұшатын. Мен бауырмал болдым, жан-жағымдағыларға жаным ашып тұратын сезімтал едім. Сабағымды да жақсы оқыдым. Сыйлы болдым. Қыз баласы сияқты арманым болды. Аллаға шүкір, Алла берген əдемі келбетім бар, бірақ мен бала күнімде үлкен қателікке ұрынғанымның себебінен қазір өмірімнің быт-шыты шықты. Менде де мақсат болды, медресеге түсуге дайындалып, араб əліпбиін үйреніп барып, намазға шын ниетіммен оқимын дейтін едім. Бұрын 15 жасымда намазды оқыдым, бірақ қатарларыма еріп тастап кеткен болатынмын. Бірақ, кейін келе, "осы бір зинам үшін ешқандай еркекке тең емеспін" деп жігіттерді қанша жақсы көріп тұрсам да, оларға өткен өмірімді айта алмайтындықтан, ең ауыр күнəм үшін оларға лайық емес екенімді білетін едім. Өзім туылғалы эпилепсиямен де ауыратын едім. Бір ақ мен бұл ауруға Аллаға күпірлік айтып көрмеген сияқтымын, тіпті, бұдан өзімді еш кем сезінген емеспін. Жасым 21-де, қыз баласымын. Осыдан 10 жыл бұрын, 11 жасымда (айтудың өзі қорқынышты) қыз баламен зинаға түстім. Осыдан 3 ай бұрын, сонша 10 жыл өткенде, миыма осы бір жасаған жиіркенішті əрекетім көз алдыма келді де, мен тіке қарай алмайтындай болып қалдым. Адамдармен сөйлесе алмаймын, қорқатын сияқтымын. Өз-өзіме есеп бере алмайтын болып қалдым. Бірақ, сол қатты қорыққан кезде басымды тік көтере алмайтын, қадірсіз болып қалдым. Ешкім де себебін білместен мені кемсіте береді. Əйел затына сай қылықтарымды жоғалттым. Бір кітəптан оқығанымда, "ондайларға өлуге рұқсат бар, тіпті, жұрттың көзінше өлтіру керек" дегенді оқып едім. Түсінесіздер ме, мен лезби емеспін, тек сол бір істегенім ойыма келгенде қатты қорықтым ба, түсініксіз жағдайға түстім. Біржыныстылықтың емі бар ма? Мен енді зинақор жігітке ғана лайықтымын ба? Менде бұрынғыдай (келіндік өмірге дайындық, жалпы адамдармен сөйлесу, т.б.) күш-қуатым қалмады. Түсініңіздерші, мен ондай емес едім. Зина жасағаным үшін Алладан кешірім тілейтін, қолымнан келгенше жақсы әдетерді үйренетін, көркем мінезге ұқсатқым келетін қыз баласы едім... Қатты қорыққанымнан шығар деп ойлаймын. Қазір лезби сияқтымын. Өтінемін менің жағдайда қалғым келмейді. Мен негізі мұндай емеспін.. көмектесіңіздерші. Тұрмысқа шыға аламын ба? Тұрмысқа шықсам Алла емін береді ме? Қайтадан бұрынғы жағдайыма түсе аламын ба?

Жауап:

Сіздің бізге жолдаған хатыңыздың ішінде бірнеше сұрақ бар екен. Сол мәселелерге кезегімен тоқталар болсақ:

Зина жасағандар тек зинақормен ғана үйлену керек пе?

Құран кәрімде: «Зинақор еркек тек зинақор немесе пұтперес әйелге үйленеді.  Зинақор әйел де тек зинақор немесе пұтқа табынушы еркекке тұрмысқа шығады. Ол нәрсе Аллаға иман еткен кісілерге харам» (Нұр сүресі, 3-аят) деген аят бар. Бұл аяттың мағынасы турасында ғалымдар әртүрлі пікірлер білдірген. Кейбір ғалымдар зинақорларға үйленудің харам екенін айтқан.  Дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Дүре соғылған зинақор тек өзі секілді біреумен ғана үйлене алады» (Әбу Дәуд, Сүнән), «Зина жасаған әйелмен тек қана зина жасаған ер кісі немесе мүшрік кісінің үйленуіне болады» (Мәжмауз-зәуаид) деген хадистерді алға тартқан. Кей ғалымдар бұл мәселе тек қана белгілі бір жеке тұлғалар  үшін арнайы айтылған, үкімі де соларға ғана тиесілі деген көзқарасты ұстанған. Олардың көзқарасы бойынша зина жасаған кісімен отау құру харам емес, мәкрүһ болып табылады. Көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл аяттың үкімі «Араларыңдағы бойдақтарды үйлендіріңдер» (Нұр сүресі, 32-аят), «Сендерге халал болып саналатын әйелдермен неке құрыңдар» (Ниса сүресі, 3-аят) аяттарының үкімімен нәсх етілген, яғни үкімі жойылған.

Сабуни болса, аяттың түсу себебі туралы былай баяндайды: «Үмму Мәһзул есімді бір жеңіл жүрісті әйел болған. Соны сахабалардың бірі өз некесіне алғысы келеді. Оның осы әрекетіне тыйым салған әлгі аят түседі».

Ал имам Матуриди осы аятты былай деп түсіндіреді:«Бұл жердегі тыйым шын мәнісінде «некелесуге емес», зинадан тыю мақсатында айтылған. Яғни ол жерде: «Сендер зина жасамаңдар! Егер зина жасасаңдар, зинақор атанасыңдар. Ал, жеңіл жүрісімен танылған жігітке ибалы қыздың тұрмысқа шықпайтыны анық. Амал жоқ өзі сияқты зинақор қызбен үйленуге тура келеді. Ендеше, зинадан аулақ бол!» деген мағына жатыр. Немесе бұл аят зинақор кісілердің іштегі таңдауын да баяндап тұрған болуы мүмкін. Өйткені зинақор тек өзі сияқты зинақорды немесе пұтқа табынушыны жақсы көреді, себебі ол екеуі зинадан тыйылмайды».

Сондай-ақ аятта зина жасаған деп айтылмаған, зинақор делінген. Яғни бұл аяттың мағынасы да зина жасаудан өздерін тыймағандарға арналған деуге де болады. Себебі бұл сөздің есім сөз түрінде қолданылуы арқылы араб тілі ережелері бойынша сол істі тастамай, әлі де жалғастырып келе жатқандар меңзеледі. Міне сол жолдан қайтпағандарға үйленуге тыйым салынған. Себебі олар үйленген соң да сол жаман істерін жалғастырып, шаңырақтың шырқы бұзылуы мүмкін. Ал сол амалды бұрын жасап, бірақ тәубеге келгендердің жағдайы басқа. Оларға үйленудің ешқандай сөкеттігі жоқ.

Себебі Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Зинақор зина жасағанда иманды емес, ұрлықшы ұрлық істеп жатқанда иманды емес, арақ ішуші арақ ішіп жатқан кезде иманды емес». (Бұхари, Сахих)  Бірақ Нәсәидің Сүнен кітабында осы хадистің жалғасы бар және онда былай деп айтылған: «Осы күнәларды істесе мұсылман мойнынан Ислам дінінің жібін алып тастағандай болады. Егер күнәға қайтпайтындай болып шынайы тәубе жасаса ғана Алла тағала оны кешіреді». Демек ондай ауыр күнә жасаған жағдайда шынайы тәубе жасалса, Алла тағаланың оны кешіруі мүмкін. Себебі Алла тағала шынайы тәубе еткендерді жақсы көреді. Демек тәубеге келіп, қайтадан сол күнәға беттемейтін кісілерге үйленудің ешқандай әбестігі жоқ.

Енді «Бір жыныстылықтың емі бар ма?» деген сұрағыңызға келер болсақ, негізі ислам діні адамның өзінің табиғатына қайшы әрекет етуін құптамайды. Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз  (с.а.с.) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты» деген. (Бухари, Сахих) Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді: «Мен оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, әмір етемін» (Ниса сүресі, 119-аят). Яғни бұл іс-әрекет – шайтанның  азғыруына алданғандардың ісі. Сондықтан бұндай жағдайда Алла Тағаладан көп-көп дұға тілеп, тәубе жасап, адам баласы ерік-жігерін дұрыс жолда жүруге жұмылдыруы қажет. Оның тысында «Аятул-күрси», «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелері секілді Құран сүрелерін әрдайым оқып тұрған дұрыс. Сонымен қатар уақыт өткізбей психотерапевтке қаралып, емделген жөн.

Оқылды 569 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top