Алау Әділбаев

Дінтанушы, доктор Ph.D

Өмірбаяны Арнау сөз Еңбектері Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әділбаев Алау Шайқымұлы 1972 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келді. Ph.D, магистр ғылыми дәрежелері бар. 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Дінтанушы», араб тілінің мұғалімі, философия бакалаврі мамандықтары бойынша аяқтап шыққан. 1997 жылы «Көне түркі халықтарының Тәңір түсінігі және Құрандағы Алланың сипаттамасы» тақырыбы бойынша магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алды. 2002 жылы Анкара университетінің гуманитарлық ғылымдар институтынан «Теология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды. 2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2005 жылдан «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушылықпен айналысты. 2006 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында әуелі бас маман, соңынан дін істері бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Нұр» Мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті портал оқырмандары!

Мен Әділбаев Алау Шайқымұлы, дін саласының маманымын, «Саңлақ сахабалар», «Қасиетті мәуліт», «Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары» сынды дін мен құндылыққа қатысты бірқатар еңбектердің авторымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап бере аламын: Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары, сахабалар өмірі, ислам этикасы, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны, исламдағы отбасы, исламдағы бойсұнушылық.

Еңбектері

  • 1. Саңлақ сахабалар, 1-бас. - Алматы, 2004, «Алтын қалам» баспасы, 262 бет
  • 2. Қасиетті мәуліт, Алматы, 2006, «Алтын қалам» баспасы, 40 бет
  • 3. Кемелдік кілті, Алматы, 2008, «Нұр-Мүбарак» баспасы, 248 бет
  • 4. Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, Алматы, 2011, 399 бет
  • 5. Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (с.а.с.), Алматы, 2013, 192 бет

Мақалалары

  • Мұсылман ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті 1. Халықаралық ғылыи конференция материалдары, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2004-2005 жылдары өткізілген конференция материалдары) Алматы, 2006, 44-52-б.
  • Исламда әділдік ұғымы//, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия фак. Қасымов оқулары, халықаралық конференция баяндамасы, Алматы, 2005
  • Сүннеттің Құранмен үндестігі және дінде дәлел болуы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, ІІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008, 16-32-б.
  • Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди//, ІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2006-2007ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008ж, 94-100-б. (5бет)
  • Ислам мен терроризм – кереғар ұғымдар// , IV Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2008-2009ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2009ж, 83-91-б.
  • Казакистанда девлет-дин илишкиси ве дини олушумлар, Түркия республикасы, Спарта қаласында өткен, «Түркі әлемінде діни жағдай» атты халықаралық ғылыми-пркатикалық конференция материалы, 2010
  • Әбу Ханифаның өскен ортасы және тарихи жағдай// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2010ж.), Алматы, 2011, 73-81-б.
  • Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны// Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2011, 3-9-б.
  • Әбу Ханифа және хадис мәселесі// «Ислам: Адам және қоғам діні» атты Қазақстан Респудликасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына және 2011 жылы «Ислам конференциясы ұйымына» төрағалық етуіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, ғылыми-педагогикалық журнал, ХІІ, Алматы, 2011 ж., 48-53-б.
  • Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуы және ақида іліміндегі орны// «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы», Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ғасыр санасы: Онтология, дін, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, Қазақстан, 2011 ж., 18 мамыр, Алматы, 2011 ж., 204-208-б.
  • Ғылым және дін: қайшылықтан ымыраластыққа// Жастар. Руханилық. Интеллектуалды ұлт, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану фак., халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, Философия ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 80 жылдығына арналған V Қасымжанов оқулары, Алматы, 2011, 164-169-б.
  • Имам Әбу Ханифа мен Матуридидің пікір сабақтастығы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2011 ж.), Алматы, 2012, 111-119 б.
  • Ұлтты біріктіру - әрбір иманды азаматтың міндеті// Айқын газеті, 2012
  • Саңлақ сахабалар және рамазан,// Қазақстан-Zaman газеті, № 33 (903), 16 тамыз, 2012, 9-б.
  • Нұх (ғ.с.) – Ұлық бес пайғамбардың бірі// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 20-21-б.
  • «Алла Тағала Ибраһимді дос тұтты»// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 23-б.
  • Ханафи мәзһабының тарихи мәні мен оны дамыту стратегиясы // ҚР БжҒМ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Түркі дүниесіндегі ислам ғылымдарының ролі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары, 26-27 сәуір 2012ж. Түркістан, ......беттер
  • Қазақстанда ханафи мәзһабының тарихи мәні мен қазіргі замандағы маңызы// ИСЕСКО ұймы тарапынан өткізілген халықаралық ғылыми симпозиум, Алматы, 2012 ж. 7 бет
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ислам құқығында үкім шығару әдісі ретінде «әл-масалих әл-мурсала», КазҰУ Хабаршысы, философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы, №2 [43] 2013 ж., 66-73-б.
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ханафи ғалымдарының ислам фиқһына қатысты негізгі еңбектері// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2013 ж.), Алматы, 2013
  • Несостоятельность негативных суждений в адрес ученого, факиха Абу Ханифы с призмы выдающихся ученых// Материали за 9-а международна научна практична конференция, «Динамиката на съвременната наука», - 2013. Том 5. История. Философия. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2013. – 82-92-б.
  • Жастар арасындағы дәстүрлі діни түсінікті қалыптастырудағы ханафи мазхабының рөлі// «Дін және жастар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Атырау: 2013, 7 б.
  • Діни ахуалдың күрделілігі және оны шешудің жолдары // «Діни ғұрыптар және қазақтың салт-дәстүрлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Қызылорда, 2013. 9 б.
  • Қазақ халқында Пайғамбар сүйіспеншілігі, Қала мен дала газеті,7 мамыр, 2004
  • Алланың елшісі хақында, Қала мен дала газеті, 13 мамыр, 2005
  • Рус ориантализмінің олушумунда Казан еколунун ролу, Туркия, Дини араштырмалар журналында, 2002 ноябрь
  • Казакистан топракларында юрутулен руслаштырма фаалиетлери, (Қазақстан территориясында жүргізілген орыстандыру саясаты), Туркия, билиг журналы, 2002
  • Әйел мен еркек тең бе? Аңсар журналы, 2006,№3
  • Сайд ибн Әмир. Иман журналы, 2006,№10
  • Халид ибн Уәлид (саңлақ асхабалар). Иман журналы, 2006, №8, 5-б.
  • Әбу Убәйда ибн Жаррах. Иман журналы, 2006, №1, 4-б.
  • Хамза ибн Әбдүлмүттәліп. Иман журналы, 2006, №5, 4-б.
  • Біләл Хабаши. Иман журналы, 2006, №9, 3-б.
  • Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Иман журналы, 2009, №12, 5-б.
  • Кіршіксіз шынайы махаббат. Иман журналы, 2009, №5, 2-б.
  • Шынайы сүйіспеншілік. Иман журналы, 2009, №6-7, 2-б.
  • Ата-ананың қадірі. Иман журналы, 2009, №10, 5-б.
  • Жаратушыны тану. Иман журналы, 2009, №3-4, 4-б.
  • Үміт пен үрей. Иман журналы, №3, №4, 2010ж.
  • Сыддық, шыншылдық, шынайлылық, адалдық. Иман журналы, №1, №2, 2010ж.
  • Сабыр-иманның белгісі. Иман журналы, 2010
  • Сабыр – жүрек амалы. Иман журналы, 2010
  • Әділдік. Иман журналы, 2010
  • Тәуекел. Иман журналы, 2010
  • Жомарттық. Иман журналы, 2010

«Уаххабилер», «салафилер» жəне «салаф» сөздерінің мағынасы қандай?

Дүйсенбі, 03.10.2021

Араб тіліндегі «сəлəф» сөзі «бір нəрсеге қатысты болу», «өткен, ілгері, алдыңғы» деген мағынаны білдіреді. Алайда уақыт өте келе бұл сөз ислам мəдениеті тарихында арнайы мəнге ие болып, ислам тарихының алғашқы үш буынын білдіретін термин ретінде қалыптасты.

Мұның негізі Имам Бұхари мен Имам Муслимнің хадис жинақтарында Нұғман ибн Баширден (р.а) келіп жеткен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына: «Адамдардың игі жақсылары – менің ғасырымдағылар, содан соң – олар дан кейін келгендер, содан кейін – олардың артынан келгендер. Олардан кейін, бірінің куəлігі сертінен бұ рын жəне серті куəлігінен бұрын берілетін қауымдар келеді» деген хадисіне сүйенеді (Имам Бұхари «Сахих» кітабы, 2509-шы хадис. Муслим «Сахих» кітабы, 2533-ші хадис.)

Міне, осы хадиске сүйенген мұсылман ғалымдары сахабалар, олардан кейін келген табиғиндер мен табиғиндердің ізіне ерген атбағу ат-табиғиндерді «əс- Сəлəф əс-солихин» «алғашқы ізгі буын» деп атаған. Əрине бұл ғасырлар ислам дінінің пайда болып, бертін келе əлемнің түкпір-түкпіріне кең тараған, күллі мұсылман жұртшылығы мақатанышпен еске алатын бақытты кезең екендігі сөзсіз. Демек, бұл термин сол бақытты кезеңдерде өмір сүрген ізгі буынға берілген атау ретінде қалыптасқан. Алайда, бүгінгі таңда оның мағынасы бұрмаланып, өздерін «сəлəф» санаған радикалды псевдо-сəлəфилер жəне уаххаби ағымдарының өкілдеріне қатысты қоланылып жүр.

Енді осы «сəлəф» пен «уаххабия» ұғымының қатар қолданылу себебін айта кетейік. Əсілінде «сəлəфия» термині Мысыр елінде Жамалуддин əл-Афғани (1879-1938) мен Мұхаммед Абдухтар (1849-1905) байрағын желбіреткен діни реформация қозғалысы белең алған кезеңде қолданыла бастады. Реформаторлар мақсаттарына қол жеткізу үшін сəлəфия терминін өздеріне ұстаным етіп алып, осы ұран арқылы елді сол кездері Мысыр елінде етек жайған жаңсақ пікірлер мен бидғаттардан тазартуға шақырды. Сол кезеңдерде Нажд пен Араб түбегіндегі кейбір аймақтарға тарап үлгерген, Мұхаммед ибн Абдулуаххаб негізін қалаған уаххабилік ағым мен Мысырда жүріп жатқан реформация қозғалысы арасында дінде негізі жоқ сенімдерге қарсы күреске қатысты ортақ пікір мен көзқарастар қалыптасты.

Міне, осылайша сəлəф пен сəлəфия сөзі уаххабилік ағым өкілдерінің арасында да үлкен қарқынмен таралды. Тіпті, уақыт өте келе уахабия сөзінің орнына сəлəфия сөзі қолданыла бастайды. Мұндағы мақсат – Уаххаби ағымының пікірлері тек Мұхаммед бин Абдулуаххабтан емес, сəлəфтардан бастау алады деген ойды қалыптастырып, халықты «бұл ағымды құрудағы негізгі себеп сəлəфтар ақидасын ұстанып, солардың жолын жалғастыру» деп сендіру болатын. Осы кезеңнен бастап, «сəлəфия» ұғымы мысырлық қозғалыс мүддесіне қолданылған ұран аясынан шықты. Сөйтіп, сəлəфия сөзі өздерін «ақиқат жолындамыз, сəлəф салихиндер (алғашқы ізгі буын) ақидасын сақтаушымыз, солардың ұстанған жолдарын таратушымыз» деп, өздерін қалған мұсылмандардан жоғары санайтын уаххабилік ағым өкілдерінің лақабына айналды». (А. Жұма. Муташаддидун (Дінде шектен шыққандар). (Қазақ тіліне аударып, баспаға дайындаған Нұр-Мүабарак университеті, «Əбу Ханифа» ғылыми зерттеу оратылығы, Алматы, 2016 ж., 4-6-б.)

Негізінде, тарихқа үңілсек, ислам тарихында «сəлəфия» деген мəзһабтың немесе ағымның болмағандығын көреміз. Осыған қатысты кезінде уаххабилермен күресуге өмірінің көпшілігін арнаған Рамазан əл-Бути былай деген екен:

«Сəлəф» деген сөзді басты құралға айналдырып, ислам шариғаты мен түсінігіне жат, лаңкестікке бой алдырып жүргендер үлкен қателікке ұрынуда. Бүгінгі күні «сəлəфия» ұғымын мұсылман атын жамылған жат ағымдар бетпердеге етіп, өзіндік пəлсапа қалыптастыруда. Өкінішке қарай, ислам атын жамылған, саны бар, сапасы жоқ жамағаттардың тізіміне «сəлəфия» атымен жаңа бір ағым қосылып, «өзгеше» болмыстарымен «мұсылмандардың» арасында ерекшеленуде».

Қорыта айтар болсақ, алдыңғы ізгі буынды меңзеу мақсатында қолданылған «сəлəф» сөзі мен кейінгі уақыттарда өздерін сəлəфи атап жүрген «псевдосəсəфилер» арасында тікелей байланыс жоқ. Олар өз қате түсініктерін «ең дұрыс ислами түсінік осы» деп жұрттың санасына сіңіру мақсатында осы терминді құрал ретінде пайдаланып, кезінде ислам үмбетінің бірлігі мен татулығын ойлап, исламды кең түсінуге тырысқан мужтахид имамдардың ілімдерін мансұқтау арқылы мұсылмандар мен қатар əлем жұртшылығы арасында үлкен бүліктер мен қанды қақтығыстарға жол ашуда. Сондықтан, қазіргі таңда өздерін «сəлəфи» деп атаушы радикалды топтарға «сəлəф» деу жөнсіз. Өйткені бұлай атау оларға абырой таңумен пара-пар. Көптеген əріптестеріміз орынды айтып жүргендей оларды «псевдо-сəлəфилер» немесе «керітартпалар» деп атау дұрысырақ саналады. Діндар жамағат «сəлəфия» сөзін бетперде етіп, елді «таза исламға» шақырушылардың бүлігінен сақтанып, ғасырлар бойы қалыптасып, көпшілік мұсылман үмбеті тарапынан құпталған фиқһта қалыптасқан төрт мəзһаб пен ақида саласында матуридия жəне əшғария ғұламалары негізін қалаған «əһлі сүннет уəл-жамағат» жолынан таймауға тырысуы қажет.

 

Оқылды 664 рет
Жауап берген:
JoomShaper
Top