Елбасы журналистермен кездесті

Жұма, 17.03.2017
Елбасы журналистермен кездесті

Астана. 17 наурыз. E-ISLAM – Қазақстан Президенті отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Оқылды 123 рет
JoomShaper
Top