«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

Сенбі, 17.08.2021
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі Оқу орнының толық атауы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Әбу Бәкір Сыддық медресесі» жеке мекемесі

Оқу орнының толық атауы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Әбу Бәкір Сыддық медресесі» жеке мекемесі

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қ., Мүткенов көшесі, 52/2

Құрылған жылы: 2009 жыл

Меншік түрі: Жеке мекеме

Байланыс телефоны: 8 (7182) 62-39-85, 62-00-11.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен 2009 жылы ашылды. Еліміздің солтүстік аймақтарындағы талапкерлерге арналған исламдық арнаулы орта білім беретін оқу мекемесі болып табылады. Медресе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 12 мамырда шектеусіз мерзімге берген АБ сериялы № 0142686 лицензиясы негізінде қызмет атқаруда.

«Әбу Бәкір Сыддық медресесі» діни бірлестігіне Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы В №0353170 сериялы, № 5096-1900-ДБ нөмірлі куәлігі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті тарапынан 2009 жылғы 16 сәуірде берілген.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарына сәйкес «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Әбу Бәкір Сыддық медресесі» жеке мекемесі ретінде 2012 жылы 29 желтоқсанда Павлодар қаласы Әділет департаментінен қайта тіркеуден өтті.

Медресенің жер телімінің жалпы аумағы 3348 шаршы метрді қамтиды.

Медресе ғимараты екі қабаттан тұрады. Жалпы көлемі – 200 шаршы метр. Оқу ғимаратында асхана, акт залы, ұстаздар бөлмесі және дәрісханалар бар. Ғимараттың екінші қабаты жатақхана ретінде жабдықталған.

Медреседе барлығы 49 бала білім алуда. Медреседе 6 штаттағы оқытушы-ұстаз білім беру қызметін атқарады. Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндерден қосалқы мұғалімдер тартылған. Оқытушылар − Қазақстанның, шет елдердің университеттерінде діни және зайырлы білім алған мамандар. Оқу жоспарына Қазақстан Республикасында діни қызметкерлер даярлау бойынша білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкес зайырлы пәндер енгізілген. Жоспарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Республикалық әлеуметтік-гуманитарлық әдістемелік бірлестік бекіткен. Медреседе білім беру қызметі осы жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Оқу ғимаратында ғаламтор желісіне қосылған компьютер бөлмесі бар. Медресе кітапханасында барлығы 1573 оқулық қамтылған.

Әбу Бәкір Сыддық медресесіне жақын орналасқан Павлодар қаласының № 5 емханасымен білім алушыларға тұрақты медициналық көмек көрсету жөнінде келісім жасалған.

Бірінші қабатта 40 орындық асхана жұмыс істейді. Оқушыларға үш мезгіл тамақ беріледі.

Білім алушылар тегін оқытылады. Оларды қаржыландыру Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті мен «Әбу Бәкір Сыддық мешіті» қорының қаржысы есебінен жүргізіледі.


Оқылды 1686 рет
JoomShaper