ИШИМ-нен сақ болайық

Бейсенбі, 09.07.2021

 

Youtube әлеуметтік желісіне саудиялық ақида ғылымының докторы, уағызшы М.Арифи ИШИМ лаңкестік ұйымына кеткен жастарға арналған видео хат (youtube) жариялапты. Аталмыш, видео материалды аударып, оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім.

Бұл тура жолға шақыру хаты. Мен жанашыр жүректен жіберіп отырмын. Твиттер және басқа да әуелметтік желілердегі баламның жасындағы жастардың «такфир» жайлы жазбаларын (пост) оқығанда жүрегім қақ айырылады. Жүрегім қан жылайды. Жігіттің тұла бойындағы жігерін сеземін. Алайда балам сенің санаңды улап жатқан кім? Сенің мұсылман үмбетіне жәрдем берсем деген талпынысыңды, Ислам әлемінің қиыншылығы жаныңа бататынын да білемін. Сенің шынайы ниетіңді кінәламаймын. Мен Алла жолындағы күреске қарсылығым жоқ. Олай болуынан, Алланың өзі сақтасын. Жиһад – діннің шыңы. Ислам үмбетін қадірлі ететін амал. Алла жолында шынайы күресуші мұсылманды көрер болсам, оның маңдайы мен қолын сүйер ем. Ондай адам менен әлде қайда жақсы екенін де жақсы білем.

Алайда балам сақ бол! Сенің жүрегіңдегі мұсылмандарға деген ыстық ықыласыңды арам ниеттерін жүзеге асыруға пайдаланатын топтардан сақ бол. Саған олардың ойы беймәлім. Мұсылмандарды «кәпір» деп айыптауға, олардың жаны мен мал-дүниесін алуға рұқсат деуден сақ бол.

Алла дінінен қайтты деген жаламен қай мұсылманның баласы тілі «Алладан басқа құдай жоқ» деп қайталап тұрған адамның қойша бауыздалғанын қалайды? Қай мұсылманның баласы әскери топтың өлтірілгенін қалайды?! Олардың ішінде намаз оқитын, Құранға тиләуат ететін, көзіне жас алып құлшылық ететін адамдар бар. Қай мұсылманның баласы садақа беруші, намаз оқып, ораза тұтушы мұсылманның шабуыл жасалып, өлтірілгенін қалайды? Оған үкіметте әскери немесе полицей боп жұмыс істегенің себепті діннен шықтың деп жала жауып жатса...

Алайда, қаза тапқан әскери өзін өлтірген жиһадшысымақтан Алла құзырында мәрбетесі жоғары пенде болар? Адамдар діннен шықты деп үкім етуге кімнің батылы барады? Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бәну Исраилде екі ағайынды жігіттер боған екен. Біреуі ғибадатшыл. Екіншісі күнәһар болыпты. Ғибадатшылы бауырына: «Құдайдан қорықсаңшы!»,-дейтін көрінеді. Ол болса: «Раббым мен менің арамызға кірме, жөнімізге қалдыр. Маған тиме. Сен маған бақылаушы боп жіберілдің бе?»,-дейді екен. Сонда ғибадатшылы: «Уаллаһи, Алла сені кешірмейді, Алла сені жәннатқа кіргізбейді»,-деген екен. Қысқасын айтқанда, бауырына кәпір деп үкім шығара салған. Өйткені Құранда:

«... Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннатты харам етеді...[1]», - деп баяндалады. Ол бауырына кәпірсің деген.

Екеуі қайтыс болып, жандары Алланың құзырында кездеседі. Сонда, Алла Тағала ғибадатшылға: «Сен Мені білуші ме едің? Сен Менің құзырымдағы билікке қолың жеткен бе еді?»,-деп кімді жәннатқа, ал кімді тозаққа кіргізуді Маған сен бұйырып айтасың ба?»,-дейді. Алла Тағала күнәһарға: «Бар, жәннатқа Менің мейірімділігіммен кір. Ал, сен тозаққа кет»,-деген екен. Әбу Һурайра (р.а.): «Уаллаһи, ол дүниесі мен ақыретін астаң-кестең еткен сөз айтқан еді»,-деп ғибадатшылдың жағдайын айтты. Бұл хадис сахих. Имам Ахмет жеткізген.

Балам! Сен де дүниең мен ақыретіңді құрдымға жіберетін сөздерді (әлеуметтік желіге) жазба! Кейбір жастар маған: «Ей, муртад! Дінін сатқан!»,-деп жазады. Құдайдан қорықпайсың ба?! «Ей, кәпір! Ей, діннен безген! Ей, мұнафиқ!»,-деп жазып жатады. Сен жүрегімді жарып, менің мұсылман немесе діннен шыққанымды өз көзіңмен көрдің бе?!

Балам! Алланың атымен ант етіп айтайын. Бұл жазбаларың үшін Алла құзырында сұраласың. Ғибадатшыл, намаз оқып жүрген адам осы сөздерді айтқаны үшін тозаққа кіріп жатса, басқаларының жағдайы не болмақ? Балам! Ертең Алла сенен пәленшені неге өлтірдің десе, не деп жауап бересің?

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиямет күні өлтірілген адам өзін өлтіргенді Алланың құзырына басы мен шашына ұстап алып келіп, мойындағы тамырларынан қан ағып тұрған күйде: «Раббым! Мынадан сұра, мені не үшін өлтірді»,-деп қайта-қайта айтып Аршының жанына алып келеді»,-деген. Бұл хадис Ибн Мажада келген.

  Ертең Алланың құзырында осындай күйге түссең, не деп жауап бересің? Балам! Сен ақиқат жолында ғана күрес. Анық және мәлім тудың астында бол. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кімде-кім менің үмбетіме қарсы шықса, олардың жақсысы мен жаманын өлтірсе, мұсылмандарын да аямаса, келісім иелеріне берген уәдесін орындамаса, ол менің үмбетімнен емес. ...Беймәлім ту астында соғысқа шықса. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер олар бір нәсілшілдік үшін соғысса, нәсілшілдік себепті ашуланса, нәсілшілдікке жақтасып жүріп өлтірілсе, ол надандық өліммен өлгені»,- деген (Ибн Мажа риуаяты).

Ей, балам! Жүрегім менің! Пәленше былай деді, ол кәпір ме екен? Пәлен басшының суретін көрдім, ол діннен шыққан ба екен? Түген қолбасшы мынадай іс-әрекет жасады, ол кәпір болды ма екен? Пәлен әскер жасағы мынадай қимыл жасады, олар кәпір болды ма екен? Анау әскери топ анадай іс жасап еді, олар кәпір болды ма екен?-деген нәрселерден ой-санаңды тазарт. Бас қатырма. Алла Тағала сенен оның ешбірін де сұрамайды. Отырсаң Құран оқы, ілім ізде. Амал дәптеріңе мұндай лас та, сасық сөздер жазылмасын.

Ей, балам! Пәленше кәпір, түгенше діннен шықты немесе Исламнан шығатын бір күнә жасады деген күдіктер сенің ойыңа келіп-кетуі ықтимал. Алайда шариғи үкімді жүзеге асыратын негіз ретінде қолданушы болма.   

Балам! Алла жолында күрес деген ұранмен шығып, рафидилер мен нусайрилерді өлтіріп, мұсылмандарды қырып жатқан топтың арбауына түсуші болма. Өзіне ілескендерге «Міне, біз сүннетті қолдаудамыз»,-деуші топқа алданба. Олар өзіңе сақ бол, дініңе сақ бол»,-дейді.

Иә, саудиялық желөкпе жастардың да жалған ұранның құрбаны болып жатқаны шындық. Олар өз елінің жай халқы былай тұрсын, ақылға шақырып жатқан ғалымдарын да «кәпір» деп жатқаны бар.

 Арабшадан аударып, дайындаған

Руслан ҚАМБАРОВ

 



[1] «Маида» сүресі, 72-аят

 

 

 

Оқылды 2857 рет
JoomShaper
Top