Сирия ислам кеңесiнiң «ДАИШ» туралы пәтуасы

Сенбі, 02.04.2022

Барша мақтау бүкіл əлемдердің Раббысы болған жалғыз ғана Алла Тағалаға тəн. Жəне Оның игілігі мен сəлемі құрметті пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) болсын.

Алла Тағала бүгінде Сирия халқына елдің тыныштығын бұзып көптеген бейкүнə адамдардың қаза табуына себепкер болған «ДАИШ» секілді барша мұсылмандардың дұшпандарына қарсы тұруға жол ашты. Сирияның құтын қашырған «ДАИШ» содырлары бүгінде елдің барлық аймақтарына кіріп үлгерді. Олар жүрген жерлерде бүлік туып, халықтың мазасы қашуда. Осындай елдің мазасын қашырған содырлармен күресу бүгінде сириялықтар үшін міндетке айналды. «ДАИШ» бұл күнде шариғатқа мүлде сəйкес келмейтін төмендегідей жауыздық əрекеттерімен танылды:

1. Олар ешбір халықпен санаспастан, шариғи үкімдерге жүгінбестен өз бет- терінше Сирия елін «Халифат» деп жариялады.

2. Олар өздерін ғана тура, хақ жолындамыз деп санайды. Ал басқа мұсылмандарды екі топқа бөліп қарастырады. Біріншісі – кəпірлер, екіншісі бидғатшылар (исламға жаңалық енгізушілер) адасушылар.

3. Олар қандай да бір шариғи үкім шығаруда əсіресілтеушілік қасиеттер та- нытты. Олар үшін адамды күпірлікпен айыптаудың соңы оны азаптап өлтіру күнделікті жай əрекетке айналды.

4. Өздеріне қарсы келген кез келген адам, мейлі оның көзқарасы ешкімді жақтамаса да «Сахауат» деп аталып, оны аяусыз өлтіруде болды.

5. Қандай да бір шариғи үкім шығаруда жергілікті халықтың көзқарасымен санаспайды. Тек «ДАИШ» қатарындағылардың ғана көзқарасы талқыланады. 6. Олар жиһадты дəріптейтін кітаптар шығарып, оны халықтың арасында тарату жұмыстарын күшейтуде. Осылайша, өз қатарларын көбейту істерін алға қойып келеді.

7. Олар өздерімен санаспайтын Сирияның барлық жерлерінде орналасқан адамдарға қарсы қанды соғыс жариялады жəне барлығына аяусыздық танытуда.

8. Олар елдегі барлық дін өкілдерін, зиялы қауымдарды, имамдарды «сатқындар» деп айыптап, олардың көзін жоюға тиісті шаралар қолдануда.

9. Олармен ымыраға келу үшін жан-жақтан келген түрлі ұлттың елшілерін құрметтеудің орнына, оларды тұтқынға алып азаптап өлтіруді əдет еткен. «ДАИШ» содырлары өздерінің осындай əрекеттерімен бүгінде олардың негізгі мақсаты тек мемлекеттің жүйесін құлату ғана емес, сонымен қатар елдің барлық тарихи жерлерін, мəдениеті мен қалаларын жою арқылы Сирияның байлықтарын қолды ету екені белгілі болып отыр.

Бүгінде Сириядағы «ДАИШ» содырлары өздерін барлық жаман жағынан көрсетіп, жоғарыда сипатталған əрекеттердің қозғаушы күшіне айналып отыр. Сонымен қатар олар заманауи ақпарат беттерін тиімді пайдаланып Сирия халқын жаман жағынан көрсетуде. Олардың негізгі идеологиясы – такфир, ал, негізгі сипаты – хауариждер. Сондай-ақ, «ДАИШ» қазір Сирияның басшысы Башар Асад басқарып отырған жүйемен емес, керісінше елдің қазынасын көздеп жатыр. Себебі, олардың мұндағы əрекеттері мен жоспарларынан елдің табиғи қазынасы орналасқан жерлерді иеленуді мақсат ететіндігін байқауға болады.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Оқылды 324 рет
JoomShaper
Top