«ИШИМ»-ді халифат деп мойындауға еш негіз жоқ

Дүйсенбі, 25.01.2022

Бүкіл мұсылмандардың басын біріктіріп тұрған және талайға пана болған Осман халифатықұлап, біршама уақыт өткеннен кейін мұсылмандар жеке-жеке, топ болып бөліне бастады. «Халифат құрамыз» деген ниетпен әр түрлі идеологиялар мен ұйымдар құрыла бастады. Мысырда «Мұсылман Бауырлар» тобы құрылды. Үндістанда «Таблиғи жамағаты» мен «Жамаъатисламия» құрылды. Түркияда «Жамаъат нұр» тобы пайда болды.

Бертін келе халифатты қайта жаңғыртамын деген ұранмен «Хизбуттахрир» қозғалысы бас көтерді.Осындай топтардың барлығы Осман халифаты дәуіріндегідей мұсылмандарды біріктіру, бір тудың астында жинау идеологиясын көздегенімен, көптегенмұсылмандардың көзқарасына қайшы келіп, олардың қолдауына ие бола алмады.

Мәселен, «Хизбуттахрир» қозғалысы халифат құрып бүткіл мұсылмандарды біріктіруді көздесе, екіншісі,мұсылмандардың әлсіреуін, олардың ислам дінінен алшақтағанын алға тартып, уағыз насихаттап, мұсылмандардың сауатын ашу үшін дінді жаю мақсатын көздеген  «Таблиғи жамағаты» мен «Жамаъат нұр» топтары шықты.

Осылайша, жылдар өтіп мұсылмандардың арасында бөлінушіліктер белең алды. Бұл ретте халифат құрамын немесе исламды насихаттаймын деген мұсылмандардыңкөзқарастарына бостандық, әділдік, тура үкім шығару және т.б.   саяси идеологиялар араласа бастады. Уақыт өте келе саяси бағыттағы мұндай идеологиялар солтүстігі Түркиядан бастап,оңтүстігі Орталық Африкаға тарады. Батысы Марокко болса, шығысы Азия елдеріне дейін жетті.

Бүгінде саяси бағыты осындай идеологияның жетегінде кеткен мұсылмандар қатары өсіпкеле жатыр. Олардың қазіргі басты жұмысы өздерінің идеологияларын үйден шықпай-ақ,ғаламтор беттерінде жариялау істерін қолға алу. Бұл олар үшін бір жағынан уақыт үнемдейді,екінші жағынан әрі қажырлы еңбекті қажет етпейтін заманауи қолайлы жұмысқа айналды.

Халифат құруға байланысты Бүкіләлемдік мұсылман ғұламалар одағының өзіндік (03.07.2021 жылы) қабылданған шешімі мен ұстанымы бар. Бұл шешімнің мазмұнында халифат құру жайлы былай делінген:

«Біз Мұхамед (с.ғ.с.) Пайғамбар салған жолмен құрылғанХалифат жолы қайта келуін қалаймыз. Себебі, бұл жайында Имам Ахмедтен келген Хузейфа риуаят еткен хадисте Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі былай деп кеткен: «Менен кейін мұсылмандарда шынайы Халифат болады. Онда мұсылмандардың дәрежесі көтеріледі, күш қуаты өздеріне қайтады, бүткіл билік мұсылмандарда болады».

Біріншіден, бұл хадистің дұрыс жеткеніне барлық ғалымдар бір ауыздан келіскен. Екіншіден, аталмыш хадисте Алла Тағала немесе Пайғамбар (с.ғ.с.) халифат құруда біздерге ешбір міндет жүктеп отырған жоқтығын аңғаруға болады. Бұл халифат Алланың қалауымен  келетін күн туады. Сондықтан қазіргі халифат аңсап жүрген мұсылмандар олардың бойларына ешбір міндет жүктелмейтінін аңғару керек және өз өздерін алдауды тоқтату керек»

Халифаттың өзіндік құрылу шарттары бар. Оларға біршама тоқталып кетелік:

1. Халифат құрылған жерде бүткіл жер бетіндегі мұсылмандардың көзқарасы бір жерден шығып, бірауыздан әлгі жерге жиналу керек. Және бүткіл мұсылмандар осы халифат үшін жан-тәнімен тұруы керек.Ал, қазіргі «ИШИМ» секілді соқыр мұсылмандардан құрылған халифат есімі мұндай Халифат атауына мүлде лайықты емес. Себебі, ондағы мұсылмандар ислам әлемінің көзқарасына қарсы және олар ешкімнің қолдауына ие болғандар емес.

2. Мұсылмандардың басын біріктіретін Халифа (басшы) таңдауы барлық ерлер мен әйелдер қатарынан болған мұсылмандардың ортақ кеңесуі арқылы жүзеге асады. Себебі, ОсманибнАффан(р.а.) осындай жолмен сайланған еді. Ал, ешбір мұсылмандардың қолдауынсыз сайланған «ИШИМ»-нің басшысы Әбу Бакр Бағдади секілділерге Осман ибн Аффан (р.а.) өз заманында былай деп кеткен: «Қандай да бір кісі ортақ кеңессіз таққа тағайындалатын болса және сол кісіге серт беретін адам болса, онда сол екеуінің де соңынан ешкім еруге болмайды».

Ал, біз қазіргі өзін халифат санайтын Әбу Бакр Бағдадидің кім екенін білмейміз. Оның негізгі мақсаты не және ол таққа қалай келгенін де білмейміз. Біздің бір білетініміз Әбу Бакр Бағдади мұсылмандардың халифаты емес, бәлки өзінің соңынан еріп жүрген соқырлардың ғана халифаты.

3. Халифа таңдау тыныштықта, бейбіт заманда жүзеге асатын дүние. Ал, бүгінгі ғаламторда жүрген халифатшылардың әрекеті бүліктен басқа ешқандай шариғи нормаларға сай келіп жатқан жоқ. Олардың бар жұмысы адам өлтіру, соғыс ашу және бүлік отын жағу ғана. Ондағы халық тыныштықта емес, керісінше қорқынышта, үрейде өмір сүріп жатыр. Анас ибн Мәлик өз сөзінде былай дейді: «Қорқынышқа, үрейде айтылған талақ некені бұзбайтыны сияқты қорқынышта серт беру,ол серт бергенге саналмайды». Ал, бізге мәлім болғандай, «ИШИМ» содырлары өз қатарын көбейту үшін Сирия халқын қорқыту арқылы өздеріне серт бергізіп қосып жатыр.

4. Халифаттың негізгі мақсаты ол халыққа тыныштық, үрейсіз өмір сыйлау, оларға рақымшылықпен, мейірімділікпен қарау болып табылады. Ал, біз бүгін «ИШИМ» содырларынан мейірімсіз, адам өлтіргеннен басқа дүние көрмейміз.

5. Халифат тек Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолымен ғана орнайды. Бұл дегеніміз ондағы барлық амалдар, шешімдер мен үкімдер тек Пайғамбар сүннетіне сәйкес келуі керек деген сөз. Бұл жайында Имам Бағауи өзінің «Шархсунна» деген кітабында былай дейді: «Халифат құру дегеніміз оны Пайғамбар  (с.ғ.с.)  жолына сәйкес амалдармен көрсете білу деген. Егер де онда қандай да бір әрекет Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес келмесе,онда ол тек атымен ғана Халифат болып қалады».

Осы аталған шарттарға сүйенсек, қазіргі таңда шариғат біздерге халифат құру амалдарын жүктемейтінін аңғаруға болады. Яғни, біз мұсылмандар үшін қазір ешбір халифаттың жүзеге асуы шарт емес. Сондықтан, менің айтарым, бүгінде мұсылмандардың мойынынан халифат құру деген ниеті түсетін болса, онда ол ислам дініне және мұсылмандардың өміріне ешбір нұқсан келтіретін дүние емес. Ал, егер біздің мойнымыздан әділдік, бірігіп кеңесу, шариғи үкім шығаруда бірігу секілді амалдардың бірі түсетін болса, онда ол бізді құрдымға әкеледі.

Исламда қылыштың күшімен халифат орнамайды және мұндай  жағдайда орнаған халифат мұсылмандардың құтын қашырады. Өкінішке қарай, бүгінде осындай халифатты аңсаған соқырлардың кесірін бүткіл мұсылмандар көріп отыр. Сондықтан,ешбір шариғи қағидаға сай келмейтін бүгінге «ИШИМ» ұйымын Халифат деп мойындауға негіз жоқ.

Ахмед РАЙСУНИ,

Бүкіләлемдік мұсылман ғұламалар

одағының мүшесі әрі бас хатшы орынбасары

 

Түпнұсқадан тәржімалаған: Жалғас АСХАТҰЛЫ

Оқылды 409 рет
JoomShaper
Top