Сирия Ислам кеңесінің «ИШИМ» туралы пәтуасы

Жұма, 22.01.2022

Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы болған жалғыз ғана Алла Тағалаға тән. Және Оның игілігі мен сәлемі құрметті пайғамбар Мухаммедке (с.ғ.с.) болсын.

Алла Тағала бүгінде Сирия халқына елдің тыныштығын бұзып көптеген бейкүнә адамдардың қаза табуына себепкер болған «ИШИМ»секілді барша мұсылмандардың дұшпандарына қарсы тұруға жол ашты. Сирияның құтын қашырған «ИШИМ» содырлары бүгінде елдің барлық аймақтарына кіріп үлгерді. Олар жүрген жерлерде бүлік туып, халықтың мазасы қашуда. Осындай елдің мазасын қашырған содырлармен күресу бүгінде сириялықтар үшін міндетке айналды. «ИШИМ» бұл күнде шариғатқа мүлде сәйкес келмейтін төмендегідей жауыздық әрекеттерімен танымал болып үлгерді:

1. Олар ешбір халықпен санаспастан, шариғи үкімдерге жүгінбестен, өз беттерінше Сирия елін «Халифат» деп жариялады.

2. Олар өздерін ғана тура, хақ жолындамыз деп санайды. Ал басқа мұсылмандарды екі топқа бөліп қарастырады. Біріншісі – кәпірлер, екіншісі бидғатшылар (исламға жаңалық енгізушілер) адасушылар.

3. Олар қандай да бір шариғи үкім шығаруда әсіресілтеушілік қасиеттер танытты. Олар үшін адамды күпірлікпен айыптаудың соңы оны азаптап өлтірукүнделікті жай әрекетке айналды.

4. Өздеріне қарсы келген кез-келген адам, мейлі оның көзқарасы ешкімді жақтамаса да «Сахауат» деп аталып, оны аяусыз өлтіруде болды.

5. Қандай да бір шариғи үкім шығаруда жергілікті халықтың көзқарасымен санаспайды. Тек «ИШИМ» қатарындағы мұсылмандардың ғана көзқарасы талқыланады.

6. Олар жиһадты дәріптейтін кітаптар шығарып, оны халықтың арасында тарату жұмыстарын күшейтуде. Осылайша, өз қатарларын көбейту істерін алға қойып келеді.

7. Олар өздерімен санаспайтын Сирияның барлық жерлеріндегі адамдарға қарсы қанды соғыс жариялады және барлығына аяусыздық танытуда.

8. Олар елдегі барлық дін өкілдерін, зиялы қауымдарды, имамдарды «сатқындар» деп айыптап,олардың көзін жоюға тиісті шаралар қолдануда.

9. Олармен ымыраға келу үшін жан-жақтан келген түрлі ұлттың елшілерін құрметтеудің орнына, оларды тұтқынға алып азаптап өлтіруді әдет еткен.

«ИШИМ» содырлары өздерінің осындай әрекеттерімен бүгінде олардың негізгі мақсаты тек мемлекеттің жүйесін құлату ғана емес, сонымен қатар елдің барлық тарихи жерлерін, мәдениетімен қалаларын жою арқылы Сирияның байлықтарын қолды ету екені белгілі болып отыр.

Бүгінде Сириядағы «ИШИМ» содырлары өздерін барлық жаман жағынан көрсетіп, жоғарыда сипатталған әрекеттердіңқозғаушы күшіне айналып отыр.Сонымен қатар олар заманауи ақпарат беттерін тиімді пайдаланып Сирия халқын жаман жағынан көрсетуде. Олардың негізгі идеологиясы – такфир, ал, негізгі сипаты – хауариждер. Сондай-ақ, «ИШИМ» қазір Сирияның басшысы Башар Асад басқарып отырған жүйемен емес,керісіншеелдің қазынасын көздеп жатыр. Себебі, олардың мұндағы әрекеттері мен жоспарларынан елдің табиғи қазынасы орналасқан жерлерді ғана көздеп отырғандарын байқауға болады.

Дайындаған Жалғас АСХАТҰЛЫ

Оқылды 540 рет
JoomShaper
Top