Кімнің дәрежесі биік?

Дүйсенбі, 06.03.2017
Кімнің дәрежесі биік?

Бір кісі «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?» деп сұрағанда, Аллаһ елшісі:

– Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Аллаһ, періштелер, тіпті, құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді, – деді де, мына аятты оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаһқа лайық түрде құрмет көрсетеді» (Фатыр, 28 аят).

Құдайберді БАҒАШАР

Оқылды 230 рет
JoomShaper
Top