Қарыздан құтылу үшін мына дұғаны оқыңыз

Сәрсенбі, 11.01.2022

Табиғин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

 Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді.

Сонда Әли: Қаласаң, Пайғамбарымыздың ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!

Дереккөз

Оқылды 5164 рет
JoomShaper
Top