Нұх пайғамбар мен әзәзіл

Бейсенбі, 24.11.2021

Нұһ пайғамбар (а.с.) əлемді топан су баспай тұрып, Алланың əмірімен жер бетіндегі əр тіршілік иелерінен бір-бір жұп алып кемеге орналастырып жатқанда, кеменің бір бұрышына ешкімге байқатпай бір шалдың кіріп алғанын байқайды.

Нұһ (а.с.) одан «Кемеге неге міндің?» деп сұрағанда, бейтаныс: «Мінгендердің жүректерін өзіме байлап, саған тек денелерін қалдыру үшін» деп жауап қатты. Бұны естігенде, оның Ібіліс екенін дереу сезген Нұһ (а.с.) «Əй, малғұн, кет, бұл жерден» деп оны қуады.

Сол кезде Ібіліс оған «Мен адамдарды бес түрлі нəрсемен азғырамын. Үшеуін айтайын, бірақ қалған екеуін айтпаймын» дейді. Сол сəт Алла Тағала Нұһқа (а.с.) уахи түсіріп, «Алдыңғы үшеуі аса маңызды емес, қалған екеуін саған білдірсін» дейді.

Осыдан кейін Нұһ (а.с.) Ібіліске «Сен маған сол екеуін айт, жеткілікті» дейді. Сонда шайтан оған: «Ол екі нəрсе мені ешқашан жерге қаратқан емес. Сол екеуін қолданғанда, мен ешқашан мақсатыма жетпей қойған емеспін. Адамдардың түбіне жетуде олардың көп көмегін көрем. Ол – құмарлық пен қызғаныш. Өз басым қызғанғандықтан қарғысқа ұшырадым. Ал құмарлыққа келсек, жұмақта хазірет Адамға бір ағаштан басқаның барлығы адал қылынған еді. Мен оның құмарлығын қоздыру арқылы сол ағаштың жемісін бəрібір жегіздім» деді.

Қ.Сабыржанұлы

Оқылды 628 рет
JoomShaper
Top