Вице-министр «Нұр-Мүбарак» университетіне барды

Сәрсенбі, 11.01.2022

Астана. 11 қаңтар. E-ISLAM – Бүгін «Нұр-Мүбарак» университетіне Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын арнайы ат басын бұрды.

Алдымен оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып шыққан вице-министр Нұр-Мүбарак ЕИМ университетін жетілдіру бойынша жұмыс тобымен отырыс өткізді. Бас қосуға ҚР ДАҚ министрлігі, ҚМДБ, Алматы қаласы Дін істері басқармасы мен Жер қатынастары басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында білім алушылардың қатарын арттыруға қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен тікелей онлайн жүйесінде жиналыс өткізіп, сан түрлі түйткілдермен қатар осы кезге дейін бөлініп жатқан мемлекеттік білім грант мөлшерін сақтап қалу жағы да сөз болды.

Сондай-ақ, университеттің даму стратегиясы, шетелдерде (батыс елдеріндегі) ислам мәселелерін зерттеу бойынша озық тәжірибесі бар ғылыми орталықтар мен зерттеулер жүргізетін мекемелермен әріптестік қарым-қатынастар орнату, кей бағыттар бойынша магистратура мен докторантураға жіберу (Ислам экономикасы, ислам қаржысы, ислам банкингтері т.б.) жағы айтылды.

Оқылды 136 рет
JoomShaper
Top